+100 бонус

АЛЬДАРОН 100 мг №30 капс

2000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Спиронолактон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – спиронолактон 50.0 мг немесе 100.0 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы 50 мг доза: 1 капсуланың құрамы қақпағы: титанның қостотығы (E171), желатин, бриллиантты көгілдір FCF (E133), кристалды күлгін корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин 2 капсуланың құрамы қақпағы: кармуазин (Е 122), титанның қостотығы (Е171), желатин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, FD&C Көк № 2 корпуы: титанның қостотығы (Е 171), желатин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су 100 мг доза: 1 капсуланың құрамы қақпағы: титанның қостотығы (Е171), желатин, FD&C Қызыл №40 (Е129), D&C Қызыл №33, FD&C Сары №6 (Е110), D&C Сары №10 (Е104), корпусы: FD&C Қызыл №40 (Е129), D&C Қызыл №33, FD&C Сары №6 (Е110), D&C Сары №10 (Е104), титанның қостотығы (Е171), желатин 2 капсуланың құрамы қақпағы: кармуазин (Е 122), титанның қостотығы (Е171), желатин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, FD&C Қызыл № 40 (Е 129) корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, FD&C Қызыл № 40 (Е 129), кармуазин (Е 122)
Қолданылуы
Альдарон препараты келесі жағдайларда қолдануға арналған: пациентте басқа диуретиктермен емдеуге жауап болмаған кезде немесе олардың әсерін күшейту қажет болған кезде жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі ісінулерде асцит және ісінулермен бауыр циррозында нефроздық синдромда, әсіресе гипокалиемия және гиперальдостеронизм бір мезгілде болған кезде (біріктірілген ем құрамында) қатерлі асцитте бастапқы гиперальдостеронизмде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық Аддисон ауруы бүйрек функциясының жедел немесе тез үдемелі жеткіліксіздігі, шығару функциясының едәуір төмендеуімен бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин-ден кем) анурия гиперкалиемия гипонатриемия гиперкальциемия басқа калий сақтайтын диуретиктер мен калий қоспаларын бір мезгілде қабылдау балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер Ісінумен жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі Бастапқы тәуліктік доза 100 мг (тәулігіне 25-тен 200 мг-ға дейінгі диапазонда болуы мүмкін), бір немесе бірнеше қабылдауларда қолдану ұсынылады. Демеуші доза жеке белгіленуі тиіс. Жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA, III-IV класс) клиникалық сынақтардың (RALES) деректері негізінде стандартты еммен үйлесімде емдеуді калий ≤ 5.0 мЭкв/л және қан сарысуындағы креатинин ≤ 2.5 мг/дл деңгейінде күніне бір рет 25 мг спиронолактоннан бастау ұсынылады. Клиникалық көрсетілімдер бойынша емдеуге жақсы көтерімділік жағдайында дозаны күніне бір рет 50 мг дейін арттырады. Егер препараттың көтерімділігі нашар болса, дозаны күнара 25 мг дейін азайтады. Асцит және ісінумен бауыр циррозы Егер несептегі Na+/K+ қатынасы 1.0-ден көп болса, бастапқы тәуліктік және ең жоғары тәуліктік доза 100 мг құрайды. Егер бұл қатынас 1.0-ден аз болса, бастапқы тәуліктік доза 200 мг, ең жоғары – тәулігіне 400 мг құрайды. Дозалау әркімге жеке анықталуы мүмкін. Қатерлі асцит Бастапқы доза әдетте күніне 100-200 мг құрайды. Ауыр жағдайларда дозаны біртіндеп күніне 400 мг-ға дейін арттыруға болады. Демеуші доза жеке белгіленуі тиіс. Нефроздық синдром Әдеттегі дозалар – күніне 100-200 мг. Альдарон® глюкокортикостероидтармен монотерапия тиімсіз болған жағдайда ғана ұсынылады. Бастапқы альдостеронизмді диагностикалау және емдеу Спиронолактонды стандартты рационда жүрген пациенттерде бастапқы гиперальдостеронизмді анықтау үшін бастапқы диагностикалық тест ретінде пайдалануға болады. Ұзақ тест: спиронолактон 3-4 апта бойы 400 мг тәуліктік дозада тағайындалады. Гипокалиемия мен артериялық гипертензияны түзетуге қол жеткізген кезде бастапқы гиперальдостеронизмнің болуын болжауға болады. Қысқа тест: спиронолактон 4 күн бойы 400 мг тәуліктік дозада тағайындалады. Егер қан сарысуындағы калий деңгейі спиронолактонды қабылдау кезеңінде жоғарыласа, бірақ оны тоқтатқан кезде төмендесе, бастапқы гиперальдостеронизмнің болжамды диагнозы қарастырылуы керек. Спиронолактонды тестілеудің соңғы процедуралардың көмегімен гиперальдостеронизмді диагностикалағаннан кейін операцияға дайындық барысында тәулігіне 100 мг – 400 мг дозада тағайындау ұсынылады. Егер операцияға көрсетілімдер болмаса, онда препарат әрбір пациент үшін жеке белгіленетін ең аз тиімді дозада ұзақ демеуші ем жүргізу үшін қолданылады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақтану кезінде күніне бір рет ішке

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.