+152 бонус

АЛЦЕФ 300 мг №10 капс

3040 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефдинир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - цефдинир 300 мг, қосымша заттар: кальций карбоксиметилцеллюлозасы, полиоксил 40 стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, капсуланың құрамы: FD & C көк 2 (Е 132), титанның қостотығы (Е171), желатин, тазартылған су.
Қолданылуы
Алцеф микроорганизмдердің сезімтал штаммдарынан туындаған ауырлығы жеңіл және орташа деңгейдегі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Препаратқа төзімді бактериялардың дамуын төмендету үшін және цефдинир мен басқа бактерияға қарсы дәрілердің тиімділігі үшін цефдинирді тек қана емдеу немесе оларды сезімтал микроорганизмдер туындатқаны расталған немесе негізді болжанған инфекцияларды болдырмау үшін қолданған жөн. Қоздырғышы және оның сезімталдығы туралы ақпарат бар болса бактерияға қарсы емді таңдаған немесе өзгерткен кезде оны ескерген жөн. Мұндай деректер болмаған кезде бактерияға қарсы емдеуді таңдаған кезде патогенді микроорганизмдер айналымының жергілікті ерекшеліктерін және бактерияға қарсы дәрілерге төзімділіктің даму моделін ескеру қажет. Ересектер - Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pneumoniae (тек пенициллинге сезімтал штаммдар) және Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) туындатқан ауруханадан тыс пневмония; - Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pneumoniae (тек пенициллинге сезімтал штаммдар) және Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) туындатқан созылмалы бронхиттің асқынуы; - Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pneumoniae (тек пенициллинге сезімтал штаммдар) және Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) туындатқан жедел гайморит; - Streptococcus pyogenes туындатқан фарингит/тонзиллит. Ескерту: жұтқыншақтан S. pyogenes эрадикациясы кезінде цефдинир тиімді. Алайда цефдинирді S. pyogenes туындатқан фарингиттен/тонзиллиттен кейін жедел ревматизмдік қызбаның профилактикасы үшін қолдану зерттелген жоқ. Тек қана бұлшықет ішіне қолданылатын пенициллин ревматизмдік қызбаның профилактикасы үшін тиімділікті көрсетті. - Staphylococcus aureus (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) және Streptococcus pyogenes туындатқан терінің және тері құрылымының асқынбаған инфекциялары.
Қарсы көрсетілімдер
- анамнезде цефдинирге, цефалоспориндер классының басқа антибиотиктеріне немесе дәрілік заттың құрамындағы қосымша заттарға жоғары сезімталдық. - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерде инфекциялар кезінде ұсынылған дозасы мен емдеу ұзақтығы төменде сипатталған; барлық инфекциялар кезінде жалпы тәулікті дозасы 600 мг құрайды. 10 күн бойы тәулігіне 1 рет қолдану тәулігіне 2 рет қолдану сияқты тиімді. Пневмония немесе тері инфекциялары кезінде тәулігіне 1 рет қолдану зерттелмеген; осы себепті мұндай инфекциялар кезінде цефдинир капсулаларын тәулігіне 2 рет қабылдаған жөн. Цефдинирдің капсулаларын тамақтану уақытына қарамастан қабылдауға болады. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Алцеф капсулаларын тамақтану уақытына қарамастан қабылдауға болады. Ересектер

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.