+1743 бонус

АЛЬБУМИН 20% 100 мл Альбумин человеческий

34875 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Альбумин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: Такеда Мануфактуринг Австрия АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - Адам альбумині 50 мг/мл, 200 мг/мл және 250 мг/мл, қосымша заттар: каприл қышқылы, N-ацетилтриптофан, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Адам альбумині препараты коллоидты ерітінділерді қолдану көлемінің жеткіліксіздігі мен орындылығы кезінде айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру және ұстап тұру үшін ұсынылады. Синтетикалық коллоидты ерітінділердің орнына Адам альбумині препаратын таңдау пациенттің клиникалық жағдайымен, сондай-ақ медициналық көмек көрсету стандарттарымен айқындалады.
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Дозалау режимі. Адам альбумині препаратының концентрациясы, дозасы және оны енгізу жылдамдығы пациенттің көрсетілімдері мен жағдайына сәйкес жеке таңдалады. Енгізуге қажетті доза пациенттің дене салмағына, жарақаттың немесе аурудың ауырлығына және сұйықтық пен ақуыздың жалғасқан жоғалуына байланысты. Енгізуге қажетті доза плазмадағы альбумин концентрациясы негізінде емес, айналымдағы қан көлемінің талапқа сай деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде айқындалады. Адам альбумині препаратын енгізген кезде өкпе ісінуінің алдын алу үшін тыныс алу функциясын, бассүйекішілік қысымның артуын болдырмау үшін пациенттің неврологиялық жағдайын, сондай-ақ гемодинамикалық көрсеткіштерді бақылау қажет: - артериялық қысым және тамыр соғысының жиілігі, - орталық веналық қысым, - өкпе артериясының қарысу қысымы, - диурез, - электролиттер концентрациясы, - гематокрит / гемоглобин, - жүрек / өкпе жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері (мысалы, ентігу), - бассүйекішілік қысымның жоғарылауының клиникалық белгілері (мысалы, бас ауыру). Енгізу әдісі мен жолы Адам альбумині препараты сұйылтылмаған немесе изотониялық ерітіндіде алдын ала сұйылтылған (5% декстроза ерітіндісі немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісі) күйінде вена ішіне енгізіледі. Препаратты инъекцияға арналған сумен сұйылтуға болмайды, өйткені бұл реципиенттерде гемолизді туындатуы мүмкін. Үлкен көлемді енгізер алдында препаратты бөлме температурасына немесе дене температурасына дейін жылыту керек. Бұлыңғыр ерітінділерді немесе тұнба түзілген ерітінділерді қолдануға болмайды. Бұл ақуыздың тұрақсыз екенін немесе ерітіндінің ластанғанын көрсетуі мүмкін. Қалпақшасы зақымдалған болса, қолдануға болмайды. Егер ағып кету анықталса, оны пайдалану ұсынылмайды. Контейнерді аша сала, ішіндегісін дереу пайдалану қажет. Инфузия жылдамдығы нақты жағдайлар мен көрсетілімдерге сәйкес түзетілуі тиіс. Егер препаратты енгізу кезінде қандай да бір жағымсыз реакциялар анықталса, енгізу жылдамдығын төмендету немесе препарат енгізуді тоқтату керек. Плазма алмасуы кезінде инфузия жылдамдығы шығарылу жылдамдығына дейін түзетілуі тиіс. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер Бұл дәрілік препарат тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.