+379 бонус

АКТОВЕГИН 40 мг/2 мл №25 амп

7590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гематологические препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО Такеда Фармасьютикалс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір мл препараттың құрамында белсенді зат - 40 мг бұзау қанының депротеинделген гемодериваты Актовегин® концентрат түрінде * қосымша зат – инъекцияға арналған су. 1құрамында шамамен 26,8 мг натрий хлориді бар
Қолданылуы
Кешенді емнің құрамында: - инсульттен кейінгі когнитивті бұзылыстар мен деменцияны қоса, когнитивті бұзылыстарды симптоматикалық емдеу - шеткергі қан айналымы бұзылыстарын және олардың салдарын симптоматикалық емдеу - диабеттік полинейропатияны (ДПН) симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - инфузиялық емді жалпы қолдануға болмайтын жағдайлар: декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі, олигурия, анурия, гипергидратация - 18 жасқа дейінгі балалар - фенилкетонуриямен ауыратын пациенттер
Дозасы
Препаратты әрқашан Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмәнданған кезде Өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Клиникалық көріністің ауырлық дәрежесіне байланысты алдымен күн сайын 10 – 20 мл препаратты вена ішіне немесе артерия ішіне енгізу керек. Одан әрі емдеу үшін 5 мл вена ішіне немесе бұлшықет ішіне баяу, күн сайын немесе аптасына бірнеше рет енгізу керек. 10-нан 50 мл дейін препаратты инфузиялық енгізу үшін 200-300 мл негізгі ерітіндіні (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін немесе 5% глюкоза ерітіндісін) қосу керек. Инфузия жылдамдығы шамамен 2 мл/мин құрайды. Бұлшықет ішіне инъекция үшін 5 мл-ден аспайтын препарат қолданылады, оны баяу енгізу керек, себебі ерітінді гипертониялық болып табылады. Инсульттан кейінгі когнитивті бұзылулар Ишемиялық инсульттің жедел кезеңінде 5 – 7 күннен бастап тәулігіне 2000 мг-ден 20 инфузияға дейін вена ішіне тамшылатып, соңынан 2 таблеткадан күніне 3 рет (күніне 1200 мг) таблетка түріне ауысады. Емдеудің жалпы ұзақтығы 6 айды құрайды. Деменция Тәулігіне 2000 мг-ден 4 аптаға дейін вена ішіне тамшылатып. Шеткергі қан айналымының бұзылуы және олардың салдары Тәулігіне 800 – 2000 мг-ден артерия ішіне немесе вена ішіне тамшылатып. Емдеу ұзақтығы 4 аптаға дейін. Фонтейн жіктемесі бойынша ІІВ кезеңдегі аяқ артерияларының созылмалы облитерациялаушы аурулары бар пациенттерді емдеу үшін препаратты 2 апта бойы вена ішіне тамшылатып, соңынан 10 аптаға дейін күніне 3 рет 1-2 таблеткадан таблетка түріне көше отырып, қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі зерделенді. Диабеттік полинейропатия Тәулігіне 2000 мг-ден 20 инфузия вена ішіне тамшылатып, соңынан күніне 3 рет 3 таблеткадан (күніне 1800 мг) таблетка түріне ауысады, ұзақтығы 4 айдан 5 айға дейін. Енгізу әдісі және жолы Актовегин®, инъекцияға арналған ерітінді, бұлшықет ішіне, вена ішіне (оның ішінде инфузия түрінде) немесе артерия ішіне қолданылады. Бір сындыру нүктесі бар ампулаларды пайдалану бойынша ұсыныстар: Ампуланы үстіңгі жағындағы белгісі жоғары қарайтындай етіп алыңыз. Саусағыңызды абайлап тырсылдатып, ампуланы сілкіп, ампуланың ұшынан ерітіндіні төмен қарай ағызыңыз. Белгіге баса отырып, ампуланың жоғарғы жағын сындырыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.