+70 бонус

АКСОН порошок д/р-ра д/ин 1г №1

1400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: AVIMED REMEDIES LLP
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - натрий цефтриаксоны 1000.00 мг цефтриаксонға баламалы
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары созды қоса, жыныс ағзаларының инфекциялары сепсис сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақат инфекциялары иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылары) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана. Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде бактерияға қарсы басқа бета-лактамдық препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) еріткіші – лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді пайдаланып цефтриаксонның бұлшықетішілік инъекциясын жүргізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Лидокаинді қолдануға болмайтын жағдайлар лидокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі 41 аптаны қоса алғанға дейінгі (гестациялық және постнатальді жастың қосындысы) мерзімі жетпеген жаңа туған нәрестелер гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелер, цефтриаксонның ықпалымен билирубиннің сарысулық альбуминмен байланысудан ығыстырылуы себебінен билирубиндік энцефалопатияның даму қаупіне орай жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар ерітінділер: Аксон препаратын құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет немесе қажет болуы мүмкін жаңа туған нәрестелерге (жасы 28 күнге дейінгі) құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, мысалы, парентеральді тамақтандыру кезінде, өкпеде және бүйректе өлімге әкеліп соғатын цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, қолдануға болмайды. Аксонді және құрамында кальций бар ерітінділерді алған жаңа туған нәрестелерде өліммен аяқталған бірнеше оқиғалар тіркелді, бұл ретте өкпеде және бүйректе аутопсия кезінде преципитаттар анықталды. Осы жағдайлардың кейбіреуінде Аксон препаратын және құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бір ғана инфузиялық желі пайдаланылды, басқа жағдайларда инфузиялық желіде тұнба анықталды. Аксон және құрамында кальций бар ерітінділер әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізілген кезде кем дегенде бір неонатальді өлім оқиғасы туралы хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар анықталмады. Жаңа туған нәрестелерден басқа пациенттердің жас санаттарына қатысты осындай хабарламалар келіп түскен жоқ.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Тәулігіне бір рет 1-2 г (әр 24 сағат сайын). Ауыр инфекциялар немесе сезімталдығы орташа микроорганизмдерден туындаған инфекциялар кезінде, тәуліктік бір реттік дозасын 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалары ұсынылады: Жаңа туған (14 күндікке дейінгі) нәрестелер Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-50 мг/кг; тәуліктік дозасы 50 мг/кг аспауы тиіс. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен балалар (15 күндігінен бастап 12 жасқа дейін) Дене салмағына тәулігіне бір рет 20-80 мг/кг. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға әдеттегі ересектер дозасын пайдалануға болады. Бактериялық менингит Бактериялық менингит кезінде сәбилер мен балаларда препаратпен емдеуді тәулігіне бір рет 100 мг/кг дозасынан бастайды (4 г аспайды). Диссеминацияланған Лайм ауруы Балалар мен ересектер үшін ұсынылатын дозасы 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг/кг құрайды (2 г аспайды). Соз Созды (пенициллиназа түзетін және түзбейтін штамдардан туындаған) емдеу үшін 250 мг дозадағы препаратты бұлшықет ішіне бір рет енгізу ұсынылады. Периоперациялық профилактика Контаминацияланатын немесе контаминациялануы ықтимал араласымдар кезінде операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы мақсатында, инфекцияның қауіптілік дәрежесіне байланысты, 1-2 г дозадағы Аксон препаратын операция басталғанға дейін 30-90 минут бұрын бір рет енгізу ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйректік терминалды жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) <10 мл/мин) жағдайларында Аксон препаратының тәуліктік дозасы 2 г аспауы тиіс. Диализ жүргізілетін пациенттерде препараттың тәуліктік дозасы 2 г аспауы тиіс. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы болмаған жағдайда, Аксон препаратының дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Микробиологиялық тұрғыдан алғанда қалпына келтірілген ерітіндіні дереу пайдалану ұсынылады. Қалпына келтірілген ерітінді өзінің физикалық және химиялық тұрақтылығын бөлме температурасында 6 сағат бойы (немесе 2-8 ºC температурада 24 сағат бойы) сақтайды. Концентрациясына байланысты, ерітіндінің түсі жасылдау-сары түстен қызылсары-сары түске дейін ауытқып отыруы мүмкін. Ерітіндінің түсі препараттың тиімділігіне немесе жағымдылығына әсер етпейді. Бұлшықетішілік инъекциясы үшін 1 г Аксон препаратының ұнтағын 3.5 мл 1% лидокаин ерітіндісінде ерітеді және барынша ірі бұлшықетке (бөксе) терең енгізеді. Бір бұлшықетке 1 г асырмай енгізу ұсынылады. Үйлесімсіздік Аксон препаратын құрамында кальций бар ерітінділермен араластыруға болмайды. Цефтриаксон амсакринмен, ванкомицинмен, флуконазолмен және аминогликозидтермен үйлесімсіз. Бұл препаратты жоғарыда көрсетілгендерден бөлек, басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және аурудың ағымына тәуелді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.