+76 бонус

АКСЕН ФОРТ 550 мг №10 таб

1530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Напроксен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Представительство Компании АСФАРМА МЕДИКАЛ ДЕНТАЛ УРУНЛЕР ВЕ ИЛАЧ САНАИ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - натрий напроксені 550.00 мг қосымша заттар: Авицел рН 101, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, поливинилпирролидон К30, магний стеараты, этанол**; ** Дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
16 жастан асқан балалар мен ересектер үшін қабынумен жүретін және дегенерациялық ревматизмдік типті ауруларда (ревматоидтық артрит, артроз, шорбуынданатын спондилит) буыннан тыс ревматизмде (бурсит, тендинит, люмбаго және т.б.) дисменорея кезіндегі ауырсынуда операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ауыруларда жедел подагра ұстамасында
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына және басқа компоненттеріне, салицилаттарға, сондай-ақ қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық - анамнезінде бронх түйілуі, бронх демікпесі, мұрын полиптері, ринит, есекжем, анафилаксиялық шок немесе ацетилсалицил қышқылымен, ибупрофенмен немесе басқа ҚҚСП-мен байланысты анафилактоидтық реакциялар - циклооксигкназа 2 спецификалық тежегіштерін қоса алғанда, қатарлас ҚҚСП қолдану - асқазанның немесе он екі елі ішектің белсенді (немесе анамнездегі) ойық жарасы, асқазан-ішектен белсенді қан кету (дәлелденген ойық жара немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизоды) - коронарлық шунттау операциясынан (немесе жасанды қанайналым аппаратын пайдаланудан) соң операциядан кейінгі ауыруларды емдеу - ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) - бауырдың, бүйректің немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі - жүктіліктің үшінші триместрі, лактация кезеңі - балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер (6 жастан асқан балаларға қолданылатын ювенальді ревматоидты артритті қоспағанда)
Дозасы
Дозалану режимі 16 жастан асқан балаларға және ересектерге Қабынумен жүретін және дегенерациялық ревматизмдік типті аурулар (ревматоидтық артрит, артроз, шорбуынданатын спондилит) Бастапқы дозасы 550 мг (1 таблетка), келесі дозасы - қабылдаулар арасындағы 12 сағат аралықпен 550 мг, немесе 6-8 сағат аралықпен 275 мг (½ таблетка). Бастапқы тәуліктік дозасы 1375 мг аспауы тиіс. Тәуліктік демеуші дозасы 550 мг-ден 1100 мг дейін (ауырудың қарқындылығына байланысты). Буыннан тыс ревматизм (бурсит, тендинит, люмбаго және т.б.), операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ауырулар Дозасы жекелей, ауырудың қарқындылығына байланысты белгіленеді. Орташа тәуліктік дозасы 1100 мг (2 таблетка). Тәулігіне 1 рет (кешкілік) қабылданады немесе 12 сағат аралықпен 2 қабылдауға (1 таблеткадан) бөлінеді. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 1375 мг аспауы тиіс. Дисменорея Ұсынылатын бастапқы доза сы 550 мг (1 таблетка), содан соң 3-4 күн бойы әр 6-8 сағат сайын 275 мг-ден (½ таблетка). Жедел подагра ұстамасы – бастапқыда 825 мг-ден (1½ таблетка), с артынан 275 мг-ден (½ таблетка) қабылдайды, қабылдаулар аралығы 8 сағат. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем болғанда) препаратты қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Балалар 6 жастан асқан балаларға тәулігіне 10 мг/кг дозада, қабылдау арасы 12 сағат аралықпен қолданылатын ювенальді ревматоидты артритті қоспағанда, 16 жастан кіші балаларда қолданылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде шығарылу функциясының төмендеуіне байланысты дозаны есептеу кезінде сақ болу және ең төмен тиімді дозаны пайдалану ұсынылады. Бұл пациенттерге ауырсыну синдромын емдеу кезінде асқазан-ішек жолынан қан кету үшін медициналық бақылау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Препаратты тамақтанғаннан кейін жеткілікті мөлшерде сумен ішу ұсынылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі «Дозалау режимі» бөлімін қараңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер «Қажетті сақтық шаралары» және «Арнайы ескертулер» бөлімдерінде берілген ақпаратты ескере отырып анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.