+72 бонус

АКРИДЕРМ ГЕНТА 0,05%+0,1% 15 г крем

1440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон в комбинации с антибиотиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г кремнің құрамында: белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты (микрондалған бетаметазон дипропионаты) 100 % затқа шаққанда – 0,064 г, бұл 0,05 г бетаметазонға баламалы, гентамицин сульфаты гентамицинге шаққанда – 0,1 г; қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, сұйық парафин, макрогол цетостеараты, цетостеарил спирті [60% цетил спирті, 40% стеарил спирті], динатрий эдетаты, натрий гидрофосфаты додекагидраты, калий дигидрофосфаты, тазартылған су.
Қолданылуы
Гентамицинге сезімтал бактериялардан туындаған салдарлы инфекция жұқтырған дерматоздарды жергілікті емдеуге арналған немесе егер мұндай инфекцияларға күдік болса, оның ішінде жанаспалы дерматит (улы дерматит), атопиялық дерматит (балалар экземасы, аллергиялық дерматит), нейродермит (қарапайым созылмалы теміреткі), қызыл жалпақ теміреткі, экзема (тиын тәрізді экземаны, қол ұшы экземасын, экзематозды дерматитті қоса), баздану, дисгидроз (помфоликс), себореялық дерматит, эксфолиативті дерматит, іркілумен байланысты дерматит.
Қарсы көрсетілімдер
бетаметазон дипропионатына, гентамицин сульфатына немесе 6.1-бөлімінде тізбеленген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық, сондай-ақ басқа глюкокортикостероидтарға немесе аминогликозидті антибиотиктерге (гентамицинмен айқаспалы аллергия) аса жоғары сезімталдық; тері туберкулезі; бактериялық, вирустық және зеңдік тері инфекциялары; терінің ойық жаралары мен безеулер; периоральді дерматит; розацеа; мерездің теріде білінуі; вакцинациядан кейінгі тері реакциялары; 2 жасқа дейінгі балалар. Акридерм ГЕНТА препаратын көз аймағына және шырышты қабықтарға қолдануға болмайды. Акридерм ГЕНТА препаратын есту жолы аймағында қолдануға болмайды. Белсенді затты сіңіру мүмкіндігіне байланысты ұзақ мерзімді емдеуден, терінің үлкен бөлігіне жағудан және/немесе окклюзиялық таңғыштарды пайдаланып емдеуден аулақ болу керек.
Дозасы
Егер өзгесі тағайындалмаса, Акридерм ГЕНТА препаратын ересектерде және 12 жастан асқан жасөспірімдерде күніне бір немесе екі рет жағу керек. Жай-күйі жақсарған кезде препаратты жағу жиілігі азайтылуы мүмкін. Егер 2-3 апта ішінде клиникалық жақсару болмаса, диагнозды нақтылау немесе емдеу сызбасын өзгерту қажет. Препараттың құрамында гентамицин бар екенін ескере отырып, емдеу ұзақтығын 5-7 күнмен шектеңіз. Тиісті клиникалық жағдайларда (кейбір дерматоздар кезінде, күшті кортикостероидтарды енгізу үшін қажеттілік болмаған кезде немесе гентамицинге сезімтал суперинфекция қоздырғыштары болмаған кезде) монотерапия түрінде емді әсер ету күштілігі азырақ кортикостероидпен немесе басқа антибиотиктермен жалғастырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты балаларға 2 жастан бастап, сақтықпен және ең қысқа мерзімге тағайындауға болады. Дәрінің аз мөлшерін терінің зақымданған бөлігіне жағыңыз және ақырын сүртіңіз. Қолдану арасында кемінде 6-12 сағат аралықты сақтай отырып, дәріні күніне екі реттен артық жақпаңыз. Бетке, мойынға, бастың шашты бөлігіне, гениталий аймағына, ректальді аймағына және баздануы бар тері бөліктеріне қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Емдеу ұзақтығын 5-7 күнмен шектеңіз. Препаратты балаларда қолдану аса сақтықты талап етеді, өйткені ересектердегі кортикостероидты препараттарды қолданумен салыстырғанда балаларда бетаметазон мен гентамицин тері арқылы көбірек сіңеді. Бетаметазонның ықтимал сіңуіне байланысты бұл препаратты окклюзиялық таңғышпен және жөргектермен бірге пайдалануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа. Препаратты терінің зақымданған аумағына аздап ысқылай отырып, жұқа үлбір түрінде жағылуы тиіс. Өңделетін тері беткейінің ауданы жалпы дене беткейі ауданының 10%-ынан аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.