+1168 бонус

АКНЕКУТАН 16 мг №30 капс

23360 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Изотретиноин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Ядран-Галенски Лабораторий а.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - изотретиноин, 8.00 мг немесе 16.00 мг қосымша заттар: стеароил макроголглицеридтері (Gélucire® 50/13), рaфинадталған соя майы, сорбитан олеаты (Span 80®), №3 желатин капсулалар құрамы (қақпағы және корпусы): желатин, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), №1 желатин капсулалар құрамы: қақпағы: желатин, темірдің сары тотығы (Е 172), индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), корпусы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Стандартты жүйелік бактерияға қарсы және жергілікті емнің тиісті курстарына төзімді акненің ауыр түрлері (түйінді-кисталы, шар тәрізді немесе тыртықтар түзілу қаупі бар акне).
Қарсы көрсетілімдер
- изотретиноинге немесе, соя майын қоса, қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық. Препарат сояға аллергиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. - тетрациклиндермен қатар жүргізілетін ем - бауыр жеткіліксіздігі - А гипервитаминозы - гиперлипидемия - балалар және 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер (8 мг доза үшін) - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (16 мг доза үшін) - жүктілік, лактация кезеңі - егер Жүктіліктен сақтану бағдарламасының барлық талаптары орындалмаған болса, бала туу жасындағы әйелдер.
Дозасы
Дозалану режимі Жасөспірімдер, ересектер және егде жастағы пациенттер Акнекутан® препаратының бастапқы дозасы - тәулігіне 0.4 мг/кг, кейбір жағдайларда тәулігіне дене салмағына 0.8 мг/кг дейін. Акнекутан® препаратының емдік тиімділігі және оның жағымсыз әсерлері дозаға байланысты және әртүрлі науқастарда өзгеріп отырады. Сондықтан емдеу барысында дозаны әркімге жеке таңдау маңызды. Оңтайлы курстық жиынтық доза – 120-150 мг/кг. Сондықтан әр науқастағы ем ұзақтығы тәуліктік дозасына байланысты. Акненің толық ремиссиясына көбіне 16-24 апта емделумен жетуге болады. Акне науқастардың көпшілігінде бір реттік емдеу курсынан кейін толық басылады. Айқын қайталануында, біріншісіндегі сияқты, сол тәуліктік және жиынтық дозасында Акнекутан® препаратымен қайталап емдеу курсы көрсетілімді. Жақсаруы кейінірек білінетін сипатта болатындықтан, тіпті препаратты тоқтатудан кейін 8 аптаға дейін, қайталау курсын осы мерзімнің өтуінен ерте тағайындамау керек. Балалар Изотретиноин пубертаттық кезең алдындағы безеулерді емдеуге арналмаған және ол 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды (8 мг доза үшін). 18 жасқа дейінгі балаларға (16 мг доза үшін) қолдануға болмайды.  Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеу төмен дозадан басталуы тиіс (мысалы, 8 мг/күн). Одан кейін доза күніне 0.8 мг/кг дейін немесе ең жоғары жағымды дозасына дейін арттырылуы тиіс. Ұсынылған дозаның жағымдылығы нашар болған пациенттер Ұсынылған дозаның жағымдылығы нашар болғанда емдеуді аз тәуліктік дозасында, бірақ одан ұзақ жалғастыруға болады. Емдеудің ұзаққа созылуы қайталану қаупінің артуына алып келуі мүмкін. Осындай пациенттерде болжамды ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін емдеу әдеттегі уақыт бойына ең жоғары жағымды дозада жалғасуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Капсулаларды тәулігіне бір немесе екі рет ас ішу уақытында қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.