+5875 бонус

АКЛАСТА 5 мг/100 мл №1 флакон

117500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Золедроновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Новартис Фарма Штейн АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 5,33 мг золедрон қышқылының моногидраты (5 мг сусыз золедрон қышқылына баламалы), қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Остеопорозды емдеу постменопауза кезеңінде әйелдерде ересек ерлерде сынулардың жоғары қаупі кезінде, ортан жіліктің проксимальді бөлігі жақында сынған пациенттерді қоса алғанда. Остеопорозды емдеуде, глюкокортикостероидтармен ұзақ жүйелі емге байланысты постменопауза кезеңінде әйелдерде ересек ерлерде сыну қаупі жоғары болған кезде. Ересектердегі сүйектің Педжет ауруын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, кез келген бисфосфонатқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гипокальциемиясы бар пациенттер креатинин клиренсі <35 мл/мин бүйрек функциясының ауыр бұзылуы жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Акласта® препаратын қолданар алдында пациенттердің тиісті гидратациясы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл әсіресе егде жастағы пациенттер (≥65 жас) және диуретикалық заттарды қолдана отырып, ем қабылдап жүрген пациенттер үшін маңызды. Акласта® препаратын қолдануға байланысты кальций мен D дәруменін адекватты тұтыну ұсынылады. Остеопороз Менопауза кезеңінде остеопорозды, ерлердегі остеопорозды емдеу және глюкокортикостероидтармен ұзақ жүйелі еммен байланысты остеопорозды емдеу үшін Акласта® препаратының ұсынылатын дозасы жылына бір рет қолданылатын, бір рет венаішілік инфузия түрінде 5 мг құрайды. Остеопороз кезінде бисфосфонаттармен емдеудің оңтайлы ұзақтығы анықталмаған. Ұзақ емдеу қажеттілігі Акласта® препаратын әрбір пациент үшін жеке қолданған кезде, әсіресе 5 және одан да көп жылдан кейін пайда/қауіп арақатынасына сүйене отырып, мерзімді түрде бағалануы тиіс. Ортан жіліктің проксимальді бөлігі жақында сынған пациенттерде жамбас мойынының хирургиялық қалпына келтірілуінен кем дегенде екі аптадан соң Акласта® препаратының инфузиясын тағайындау ұсынылады. Ортан жіліктің проксимальді бөлігі жақында сынған пациенттерде Акласта® препаратының бірінші инфузиясына дейін D дәруменін 50 000-нан 125 000 ХБ-ге дейінгі дозада пероральді немесе бұлшықет ішіне қабылдау ұсынылады. Педжет ауруы Педжет ауруын емдеу кезінде Акласта® препаратын тек Педжеттің сүйек ауруын емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындайды. Ұсынылатын доза бір реттік венаішілік инфузия түрінде 5 мг. Педжет ауруы бар пациенттерге Акласта® препаратын енгізгеннен кейін кем дегенде 10 күн ішінде күніне екі рет кем дегенде 500 мг элементарлы кальцийге сәйкес келетін кальцийдің адекватты дозасын қолдану ұсынылады. Ересектердегі сүйектің Педжет ауруын қайталанатын емдеу. Жүргізілген емге реакциясы бар пациенттерде Педжет ауруын Акласта® препаратымен емдегеннен кейін ұзақ ремиссия кезеңі байқалады. Қайталанатын емдеу қайталануы анықталған пациенттерді емдеу басталған сәттен бастап бір жыл немесе одан көп аралықпен 5 мг дозадағы Акласта® препаратының қосымша венаішілік инфузиясын қамтиды. Педжет ауруын қайталанатын ем бойынша деректер шектеулі. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Акласта® препараты 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде қолданылмауы тиіс. Препаратты 5 жасқа толмаған балаларда қолдану туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету талап етілмейді, себебі биожетімділігі, таралуы және шығарылуы егде жастағы пациенттер мен жас пациенттерде ұқсас сипатқа ие. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі <35 мл/мин пациенттерге Акласта® препаратын қолдануға болмайды. Креатинин клиренсі ≥ 35 мл/мин пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне қолдану. Акласта® препараты клапандық инфузиялық жүйенің көмегімен енгізіледі және тұрақты енгізу жылдамдығымен баяу құйылады. Инфузия уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс. Акласта® препаратымен ем алатын пациенттерге дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулық және пациентке арналған жадынама ұсынылуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.