+90 бонус

АККУЗОН 1 г 10 мл №1 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Macleods Pharmaceuticals Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Препараттың бір құтысының ішінде: белсенді зат – натрий цефтриаксоны 1000.0 мг Бір ампуланың ішіндегі еріткіш: инъекцияға арналған 10.0 мл су
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары созды қоса, жыныс ағзаларының инфекциялары сепсис сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақат инфекциялары иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылары) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана операция алдындағы профилактикасы. Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- цефтриаксонға, кез келген басқа цефалоспоринге немесе лидокаинге аса жоғары сезімталдық. - құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізу; - анамнездегі бактерияға қарсы бета-лактамды дәрінің кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакция) - жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі - 41 аптаға дейінгі постконцептуальді жасын (гестациялық және хронологиялық жас қосындысын) қоса алғанда, шала туған нәрестелер - 28 күнге дейінгі жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар ерітінділер (жаңа туған нәрестелерге құрамында кальций бар ерітінділерді және цефтриаксонды вена арқылы енгізу, оның ішінде құрамында кальций бар ерітінділердің ұзақ жүргізілетін инфузиясы, мысалы, парентеральді қоректендіру кезінде, өкпеде және бүйректе цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты өлімге әкелуі мүмкін) - жаңа туған нәрестелердегі гипербилирубинемия, сарғаю немесе ацидоз немесе гипоальбуминемия (пациенттерде билирубиндік энцефалопатияның даму қаупін арттыра отырып, цефтриаксонның билирубинді сарысулық альбуминмен байланыстан ығыстыруы мүмкін екенін көрсетті) - лидокаинді еріткіш ретінде пайдалану 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімді Лидокаин қолдануға қарсы көрсетілімдер лидокаин ерітіндісін еріткіш ретінде пайдаланылатын Аккузонның бұлшықетішілік инъекциясы алдында жоққа шығарылуы тиіс.
Дозасы
Доза инфекцияның ауырлығына, сезімталдығына, орнына және типіне, сондай-ақ пациенттің бауыр және бүйрек функциясының жағдайына байланысты. Төменде берілген кестелерде ұсынылған дозалар, әдетте, осы көрсетілімдерде ұсынылатын дозалар болып табылады. Ерекше ауыр жағдайларда ұсынылған диапазонның ең жоғары шетіндегі дозалар ескерілу керек. Ересектер және 12 жастан үлкен балалар (≥ 50 кг)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.