+291 бонус

АЙРА-САНОВЕЛЬ ПЛЮС 16 мг/12,5 мг №28 таб

5820 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кандесартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Сановель Фармако-индустр. торговая комп.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: кандесартан цилексетилі 16 мг, гидрохлоротиазид 12.5 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, полиэтиленгликоль 8000, гидроксипропилцеллюлоза, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
- біріктірілген емді талап ететін артериялық гипертензияда
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе толықтырғыштардың кез келгеніне немесе басқа сульфонамидтерге жоғары сезімталдық. Гидрохлоротиазид-сульфонамид болып табылады. - жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестазы бар науқастар - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин/1.73 м2) - рефрактерлық гипокалиемия және гиперкальциемия - подагра - 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жаста - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар - қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (ШСЖ <60 мл/мин/1,73м2) құрамында алискирен бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау.
Дозасы
АЙРА–сановель Плюстің бастапқы ұсынылатын дозасы күніне 1 таблетка. Препаратты артериялық қысымы кандесартан цилексетилі немесе гидрохлоротиазидтің монотерапиясымен тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерде қолдануға болады. Пациентті АЙРА–сановель Плюспен емге көшірер алдында кандесартан дозасын титрлеу ұсынылады. Ең жоғары емдік әсерге ем басталғаннан кейін 4 аптадан соң жетеді. АЙРА–сановель Плюс күніне бір рет тамақ ішу уақытына байланыссыз, аз мөлшердегі сумен іше отырып қабылданады. Егде жастағы адамдарда: Пациентті АЙРА–сановель Плюспен емге көшірер алдында кандесартан дозасын титрлеу ұсынылады (егде жастағы науқастарда кандесартан цилексетилінің ұсынылатын бастапқы дозасы 4 мг). Бүйрек жеткіліксіздігінде: Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы (КК > 30 мл/мин/1.73 м2) бар пациенттерде, гемодиализдегі пациенттерді қоса, АЙРА–сановель Плюс емін бастағанға дейін кандесартан дозасын 4 мг бастап титрлеу ұсынылады. Препаратты бүйректің ауыр дәрежедегі (КК < 30 мл/мин/1.73 м2) жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды. Айналымдағы қан көлемі төмен пациенттер: Артериялық гипотензия қаупі бар пациенттер үшін, мысалы айналымдағы қан көлемі төмен пациенттер үшін кандесартан дозасын 4 мг бастап титрлеу ұсынылады. Бауыр жеткіліксіздігінде: Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде АЙРА–сановель Плюс емін бастағанға дейін кандесартан дозасын 2 мг бастап титрлеу ұсынылады. Препаратты бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі немесе холестазы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Балаларда: АЙРА–сановель Плюсті балаларда және жасөспірімдерде (18 жасқа дейінгі жаста) қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.