+300 бонус

АЙРА-САНОВЕЛЬ 8 мг №28 таб

6000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кандесартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Сановель Фармако-индустр. торговая комп.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 8,0 мг кандесартан цилексетилі, қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, гидроксипропилцеллюлоза, жүгері крахмалы, полиэтиленгликоль 8000, магний стеараты, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е172.
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - жүрек жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуында (сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуі ≤ 40 %) – ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен емдеуге қосымша ем ретінде немесе АӨФ тежегіштері жақпаушылығы жағдайында қолданады.
Қарсы көрсетілімдер
кандесартанға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар Артериялық гипертензия АЙРА-сановель ұсынылатын бастапқы және демеуші дозасы тәулігіне 8 мг құрайды. Ең жоғарғы емдік әсерге ем басталғаннан кейін 4 аптадан соң жетеді. Егер 4 апта емдегеннен кейін артериялық қысымды (АҚ) жеткілікті бақылауға қол жеткізілмесе, онда дозаны тәулігіне бір рет 16 мг дейін және ең жоғары тәулігіне бір рет 32 мг дейін арттыруға болады. Ем артериялық қысым реакциясына сай таңдалуы тиіс. АЙРА-сановель препаратын басқа гипертензияға қарсы заттармен қолдануға болады. Гидрохлоротиазидтің қосылуының препараттың әртүрлі дозаларында аддитивті гипертензияға қарсы әсері бар екендігі көрсетілді. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бастапқы дозаны түзету керек емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Гемодиализдегі науқастарды қоса есептегенде, бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан (креатинин клиренсі дене беті ауданының 1,73 м2 шаққанда минутына 30 мл) науқастарда бастапқы дозасы тәулігіне 4 мг. Доза науқастың реакциясына байланысты түзетіледі. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар немесе терминалды сатыдағы (креатинин клиренсі 15 мл/мин) пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың жеңіл және орта дәрежедегі жеткіліксіздігінде ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 4 мг. Доза науқастың реакциясына байланысты өзгеруі мүмкін. Препарат бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар және/немесе холестазбен пациенттерге қолдануға болмайды. Айналымдағы қанның тамыр ішіндегі көлемі азайған пациенттер Артериялық гипотензия қаупі бар пациенттер үшін, мысалы, егер айналымдағы қан көлемінің азаюы мүмкін болса, 4 мг бастапқы дозаны қарастырған жөн. Қара нәсілді пациенттерге қолдану. Кандесартанның гипертензиялық әсерінің басқа нәсілді пациенттерге қарағанда қара нәсілді пациенттерде айқындылығы аздау. Демек, дозаны ұлғайту жағына қарай кандесартанды титрлеу және АҚ бақылау үшін қатар жүретін ем басқа нәсіл өкілдеріне қарағанда, қара нәсілді пациенттерге жиі қажет етіледі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі АЙРА-сановель препаратының әдетте ұсыналатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 32 мг жоспарланған дозаға немесе ең жоғары жағымды дозаға дейін ұлғайту жағына титрлеу кем дегенде 2 апта болатын уақыт аралығынан кейін дозаны қосарлау жолымен жүзеге асырылады. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексеру әрқашан бүйрек функциясын бағалауды, оның ішінде қан сарысуы креатинині мен калий мониторингін қамтуы тиіс. АЙРА-сановель жүрек жеткіліксіздігіне қатысты АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды, диуретиктер және дигиталисті немесе осы дәрілік заттардың біріктірілімін қабылдауды қоса, басқа емдеумен бірге қолдануға болады. АЙРА-сановель симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, оңтайлы емге қарамастан, минералокортикоидты рецепторлардың антагонистері қолжетімді болмаған кезде, АӨФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде қолдануға болады. АӨФ тежегіштері, калий жинақтаушы диуретиктермен (мысалы, спиронолактон) және АЙРА-сановель біріктірілімі ұсынылмайды, оны ықтимал артықшылықтары мен қаупін мұқият бағалап барып қана, қолданған жөн. Пациенттердің ерекше санаттары. Егде жастағы, не айналымдағы қан көлемі азайған, жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге бастапқы дозаны түзету керек емес. Балалар Артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде балаларға АЙРА-сановель қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.