+404 бонус

АЙ-ФОС 150 мг №2 табл

8080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибандроновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 160.33 мг натрий ибандронат моногидраты (150.00 мг ибандрон қышқылына баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон (А типі), повидон (PVP K-25), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза (РН 101), микрокристалды целлюлоза (РН 102), магний стеараты, Instacoat White (A05G10010) Instacoat White (A05G10010) құрамы: HP2910/гипромеллоза 6сРs, полиэтиленгликоль 400, полиэтиленгликоль 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Сынуларға жол бермеу мақсатында әйелдердегі менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- ибандрон қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - гипокальциемия - тағамның пассажы бұзылатын өңеш аурулары (өңештің стриктурасы, ахалазия) - таблетканың қабылдағаннан кейін 60 минут бойы пациенттің тігінен түрегеліп тұра немесе отыра алмауы
Дозасы
Айына бір рет 150 мг (1 таблетка) (мүмкін болса, әр айдың бір күнінде), белгілі бір күні бірінші тамақ, сұйықтық (судан басқа) немесе кез келген басқа дәрілік заттар мен тағамдық қоспалар (кальцийді қоса) қабылдаудан 1 сағат бұрын. Құрамында кальций көп минералды суларды қолдануға болмайды. Егер тағаммен бірге тұтыну жеткіліксіз болса, қосымша кальций және/немесе дәрумен D алу керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек бұзылулары бар пациенттер Ай-фос шектеулі клиникалық тәжірибеге байланысты креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерге ұсынылмайды. Креатинин клиренсі 30 мл / мин тең немесе одан асатын жеңіл немесе орташа бүйрек бұзылулары бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр бұзылулары бар пациенттер Дозаны реттеу қажет емес. Егде жастағы пациенттер (>65 жас) Дозаны реттеу қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Ай-Фос таблеткаларын отырған немесе түрегеліп тұрған қалыпта бір стакан таза сумен (180–240 мл) ішіп тұтастай жұтқан жөн және қабылдағаннан кейін 1 сағат бойы жатпау керек. Емдеу ұзақтығы Остеопороз кезінде бисфосфонатпен емдеудің оңтайлы ұзақтығы белгіленбеген. Ай-Фос препаратымен емдеуді жалғастыру қажеттілігі нақты пациент үшін, әсіресе 5 немесе одан да көп жыл пайдаланғаннан кейін қауіп-пайда арақатынасын жеке бағалау негізінде кезең-кезеңімен қайта қаралуы тиіс. Сынулар қаупі төмен пациент әйелдерде 3-5 жыл бисфосонаттар қабылдаудан кейін емдеуде уақытша үзіліс жасаған орынды болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.