+174 бонус

АГВИСТАТ 10/160 №28 таб

3490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ВИВА ФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амлодипин бесилаты 6.94 мг немесе 13.88 мг (тиісінше 5 мг немесе 10 мг амлодипинге шаққанда) және валсартан 160 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, повидон, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), магний стеараты. қабықтың құрамы: ГПМЦ/гипромеллоза 6 mPas, тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол/ПЭГ 400, темірдің сары тотығы (Е172)
Қолданылуы
эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде. Агвистат® артериялық қысымы амлодипин немесе валсартан монотерапиясын қолданумен тиісті түрде бақыланбайтын ересек пациенттерге тағайындалады
Қарсы көрсетілімдер
препараттың әсер етуші заттарына немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, билиарлық цирроз немесе холестаз қант диабетіне немесе бүйрек жеткіліксіздігіне (ШСЖ<60 мл/мин/ 1,73 м2) шалдыққан пациенттерде құрамында алискирен бар дәрілік заттарды препаратпен бір мезгілде қолдану жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері ауыр артериялық гипотензия шок (кардиогенді шокты қоса) сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (соның ішінде, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия (ГОКМП) және ауыр дәрежелі аортальді стеноз) жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек қызметінің гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ұсынылатын доза - тәулігіне 1 таблетка. 5 мг/80 мг Агвистат АҚ монотерапия режимінде 5 мг амлодипин немесе 80 мг валсартан көмегімен тиісті түрде бақылау мүмкін емес пациенттерде қолданылуы мүмкін. 5 мг/160 мг Агвистат АҚ монотерапия режимінде 5 мг амлодипин немесе 160 мг валсартан көмегімен тиісті түрде бақылау мүмкін емес пациенттерде қолданылуы мүмкін. 10 мг/160 мг Агвистат АҚ монотерапия режимінде 10 мг амлодипин немесе 160 мг валсартан көмегімен не 5 мг/160 мг дозада Агвистат препаратының көмегімен тиісті түрде бақылау мүмкін емес пациенттерде қолданылуы мүмкін. Агвистат препаратын тамақпен немесе аш қарынға қабылдауға болады. Екі компоненттің әрқайсысының дозасын жеке титрлеу (мысалы, амлодипин және валсартан) біріктірілген дозаның біріктіріліміне ауысу алдында ұсынылады. Клиникалық сәйкестікте монотерапиядан бекітілген біріктірілімге тікелей ауысу қарастырылуы мүмкін. Ыңғайлы болу үшін жеке таблетка/капсула түріндегі амлодипинмен және валсартанмен ем алатын пациенттер белсенді компоненттердің бірдей дозалары бар Агвистат препаратымен емге ауыстырылуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде препаратты қолдану туралы клиникалық деректер жеткіліксіз. Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі кезінде калий және креатинин деңгейлеріне мониторинг жүргізу ұсынылады. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Агвистат® бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерге қарсы көрсетілімді. Препаратты бауыр функциясы бұзылған немесе өт шығару жолдарының обструкциялық бұзылулары бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет. Холестазсыз бауыр функциясының әлсіз немесе орташа бұзылуларына шалдыққан пациенттер үшін валсартанның ұсынылатын ең жоғары дозасы 80 мг құрайды. Амлодипинді пациенттердің осы санатында қолдану бойынша ерекше ұсынымдар анықталған жоқ. Бауыр функциясы бұзылған артериялық гипертензиясы бар пациенттерді амлодипинге немесе Агвистат® препаратына ауыстыру кезінде монотерапия түріндегі амлодипиннің немесе Агвистат® құрамындағы амлодипиннің ең аз қолжетімді дозасын тиісінше пайдалану керек. Егде жастағы пациенттер (65 жас және одан жоғары жастағы) Егде жастағы пациенттерде дозаны арттырған кезде сақ болу керек. Артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттерді амлодипинге немесе Агвистат® ауыстыру кезінде монотерапия түріндегі амлодипиннің немесе Агвистат® құрамындағы амлодипиннің ең аз қолжетімді дозасын тиісінше пайдалану керек. Педиатриялық пациенттер 18 жасқа дейінгі пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер қол жетімді емес. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақ ішуге қарамастан, сумен іше отырып, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.