+150 бонус

АФОБАЗОЛ 10 мг №60 таб

3000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фабомотизол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 10.0 мг фабомотизол дигидрохлориді, қосымша заттар: картоп крахмалы, микро-кристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон орта молекулярлық (орта молекулярлық медициналық поливинилпирролидон, коллидон 25), магний стеараты.
Қолданылуы
Афобазол® ересектерде үрейлі жағдайларда қолданылады: жайылған үрейлі бұзылыстар, неврастения, бейімделудің бұзылысы, түрлі соматикалық аурулары бар науқастарда (бронх демікпесі, тітіркенген ішек синдромы, жүйелі қызыл жегі, жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, аритмия), дерматологиялық, онкологиялық және басқа ауруларда. Үрейге байланысты ұйқының бұзылуында, нейроциркуляторлық дистонияда, етеккір алды синдромында, алкогольді абстинентті синдромда,  темегі шегуден бас тартқан кезде «тоқтату» синдромын жеңілдету кезінде емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; - жүктілік, лактация кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ішке қолданылады. Тиімді бір реттік дозалар - 10 мг; тәуліктік дозалар - 30 мг. Қажет болған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша, препараттың тәуліктік дозасын 60 мг-ге дейін арттыруға болады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препарат тамақтан кейін күніне 3 рет қабылданады. Емдеу ұзақтығы Препаратты курстық қолданудың ұзақтығы 2-4 аптаны құрайды. Қажет болған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу ұзақтығын 3 айға дейін арттыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.