+162 бонус

АФЛОДЕРМ 0,05% 40 г мазь

9:00-ден кейін қолжетімді
3240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Алклометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Белупо Лекарства и косметика д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г препараттың құрамында белсенді зат – алклометазон дипропионаты 0,500 мг, қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, араның ақ балауызы, пропиленгликоль монопальмитостеараты, гексиленгликоль.
Қолданылуы
Афлодерм, сыртқа қолдануға арналған май, кортикостероидтарды жергілікті қолдануына жауап беретін дерматоздарды емдеуде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімде тізбеленген препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - акне - тері туберкулезі - әсіресе қарапайым герпес вирусы туындатқан көптеген вирустық тері инфекциялары - сиыр шешегі, желшешек - периоральді дерматит - розацеа - терінің зеңдік және бактериялық инфекциялары.
Дозасы
Зақымданған аймақты жабу үшін қажетті препараттың мөлшерін күніне 2-3 рет жұқалап жағып және теріге абайлап ысқылау керек. Аурудың ремиссиясына жеткеннен кейін алклометазон дипропионатын қолдануды тоқтату керек. Енгізу жолы және тәсілі Тек сыртқа қолдану үшін. Ауыр және тұрақты дерматоздарды емдеу жағдайларын қоспағанда, окклюзиялық таңғышпен алклометазон дипропионатынның жоғары сіңуін болдырмау үшін препарат жағылған тері беткейін жабуға болмайды. Емдеу ұзақтығы Балалар Дене салмағымен салыстырғанда тері жабындарының беткейі үлкен және балаларда терінің мүйізгекті қабаты жеткілікті жетілмеген болуынан алклометазон дипропионатының көп мөлшерінің сіңуі және жүйелік уыттылығы пайда болуы мүмкін. Осы себептен препаратты балаларға аса сақтықпен және мүмкін болатын ең қысқа мерзімге (2-3 апта)тағайындайды. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары Алклометазон дипропионатын өткізігіштігі мол зақымданған терінің ауқымды беткейіне жергілікті ұзақ қолданғанда, окклюзиялық таңғыш қолданғанда немесе балаларда ұзақ уақыт қолданғанда жүйелік қан ағымына сіңуі және жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болуы мүмкін: гипергликемия, гликозурия, өсудің іркілуімен гипоталамды-гипофизарлық-бүйрек үсті бездері жүйесі функциясының басылуы, балаларда бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (тек балаларда) және Кушинг синдромы. Балаларда гипоталамды-гипофизарлық-бүйрек үсті бездері жүйесінің басылуы бой өсуінің кідіруін, салмақ қосуды азайтады, плазма мен несептегі кортизол деңгейінің төмендеуін, сондай-ақ АКТГ стимуляциясына жауаптың болмауын қамтиды. Бассүйекішілік гипертензия, бас ауруы және екі жақты папиллоэдема түрінде көрінеді. Аталған әсер өте сирек кездеседі және әдетте қайтымды сипатта болады және препарат қолдануды тоқтатқаннан кейін жоғалады. Шұғыл процедуралар Артық дозалану жағдайында препарат қолдануды тоқтатқан жөн. Ағзаның қалыпты жұмысын қолдау бойынша стандартты шараларды қолдана отырып, тиісті симптоматикалық ем көрсетіледі. Өте сирек жағдайларда абстиненттік хал-жағдай симптомдары (дене қызуы, миалгия, артралгия, әлсіздік) пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда кортикостероидтармен жүйелік орын басу емін жүргізген жөн. Препарат құрамында аздаған мөлшерде кортикостероид бар, сондықтан оны кездейсоқ жұтып қойғанда препараттың жығымсыз әсер ету қауіптілігі жоқ. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар Препаратты мүмкіндігінше аз мерзімге қолдану керек. Емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер анықтауы керек. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса) Туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз әсерлер былай жіктеледі: Жиі (≥1/100 және <1/10) - қышыну, күйдіру, эритема немесе терінің құрғауы, тітіркенуі, папулезді бөртпе Өте сирек (<1/10 000) - акне түріндегі тері өзгерістері, гипопигментация, милиумдар, фолликулит, тері атрофиясы, стрийлер және баздану, қантамырлардың беткейлік (әсіресе беттегі) кеңеюі, гипертрихоз, аллергиялық жанаспалы дерматит, салдарлы тері инфекциясы, периоральді дерматит. Белгісіз (жиілігі қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес): көрудің бұлыңғырлануы Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.