+108 бонус

АЭРТАЛ 1,5 % 60 г крем

2170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацеклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г кремнің құрамында белсенді зат - 15,0 мг микрондалған ацеклофенак, қосымша заттар: пропилпарагидроксибензоат, метилпара-гидроксибензоат, сұйық парафин, эмульсиялық балауыз (EWA), тазартылған су
Қолданылуы
- тірек-қимыл аппаратының кез келген зақымданулары, соның ішінде спорттық жарақаттар салдарынан болатын жергілікті ауыру мен қабынудың барлық типтерін емдеуде - созылып кету, артық күш түсу немесе соғылу жағдайында сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың қабынуын азайту үшін, сондай-ақ люмбаго, қисық мойын және периартритті емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне (ацеклофенак) немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық - анамнезінде басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер. Диклофенакпен айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың болуы мүмкін екені расталмауына қарамастан, осы препарат анамнезінде диклофенакқа аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге ұсынылмаған - ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар демікпе ұстамаларын, уртикарлы бөртпе немесе жедел ринит туындататын пациенттер
Дозасы
АЭРТАЛ кремін зақымданған бөлікке жеңіл уқалау қимылдарымен күніне үш рет жаққан жөн. Қолданылатын доза зақымданған жердің өлшеміне байланысты: 1,5-2 г АЭРТАЛ кремі шамамен кремнің ұзындығы 5-7 см жолағына сәйкес келеді. Енгізу әдісі және жолы АЭРТАЛ кремі сыртқа қолдануға ғана арналған. Оны қысып тұратын таңғыштар байлағанда қолдануға болмайды. Кремді жаққаннан кейін, қол препаратты жағу орны болып табылатын жағдайларды қоспағанда, қолды жуу қажет. Препарат көзге немесе ауыз қуысына тимеуі керек. АЭРТАЛ кремі тек зақымдалмаған теріге ғана жағылуы керек. Емдеу ұзақтығы Дәрігер нұсқауынсыз АЭРТАЛ кремін буындар мен бұлшықеттер жарақаттарын (созылып кету, артық күш түсу, соғылу), сондай-ақ сіңірлердің қабынуын емдеу үшін 2 аптадан артық уақыт бойы қолдануға болмайды. Буын қабынғанда препаратты дәрігермен кеңеспей 3 аптадан ұзақ қолдануға болмайды. Емдеудің 7 күнінен кейін ауыру және қабыну белгілері күшейсе немесе жақсару болмаса дәрігерге міндетті түрде қаралу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.