+256 бонус

АЭРТАЛ 100 мг №60 таб

5135 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацеклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір үлбірлі қабықпен қапталған таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг ацеклофенак, қосымша заттар: глицерол дистеараты (I типі), натрий кроскармеллозасы, повидон, микрокристалды целлюлоза. қабықтың құрамы: Сепифильм 752 ақ: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол стеараты (I типі).
Қолданылуы
- остеоартрит, ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит және ауырумен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының басқа да ауруларында (мысалы, иық-жауырын периартриті және басқа да буыннан тыс ревматизм көріністері) - әртүрлі этиологиядағы аурусынуды жою (белдің, тістің ауыруы және алғашқы дисменорея сияқты)
Қарсы көрсетілімдер
ацеклофенак немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық осыған ұқсас әсері бар препараттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП)) демікпе ұстамаларына, бронх түйілуіне, жедел ринитке немесе есекжемге түрткі болатын пациенттер; немесе егер осы заттарға аса жоғары сезімталдық бар болса ҚҚСП қабылдау кезінде асқазан-ішек жолының тесілуі немесе қан кету жағдайлары болған пациенттер анамнезінде жедел, қайталанатын немесе болжамды асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы немесе қан кету (ойық жара немесе қан кетудің екі немесе одан көп нақты және дәлелді көрінісі) бар пациенттер жедел қан кету немесе қан кетулермен қатар жүретін аурулары (гемофилия немесе қан ұюдың бұзылуы) бар пациенттер анықталған жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) шкаласы бойынша II-IV дәрежедегі функционалдық класс), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар. бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
Дозасы
Қолайсыз құбылыстарды ең төмен тиімді дозаны қолданғанда және емдеу ұзақтығын ауру симптомдарының бақылануына жетуге қажетті ең төменіне дейін қысқартумен азайта түсуге болады. Препарат ішке қабылдауға арналған; таблетканы кем дегенде жарты стақан сумен ішіп, жұтқан жөн. АЭРТАЛ® препаратын ас ішкенде қабылдауға болады. Ересектер Ұсынылатын ең жоғары дозасы күніне 100 мг-ден екі бөлек (таңертең бір таблетка және біреуі кешкілік) қабылданатын 200 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Әдетте дозаны азайту қажеттілігі жоқ; дегенмен алдын ала сақтану шараларын қабылдау қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ацеклофенак дозасын әлсіз немесе орташа дәрежедегі бауыр ауруларына шалдыққан пациенттерде азайту керек. Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 100 мг құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде ацеклофенак дозасын азайту қажеттілігі жөнінде деректер жоқ, бірақ АЭРТАЛ® препаратын қолдану кезінде сақ болу керек. Балалар Препаратты балаларда қабылдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Симптомдары: жүрек айну, құсу, асқазанның ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық және бас ауыру. Емі: антацидтер қабылдау, қажет болғанда, артериялық гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі және тыныстың тарылуы сияқты асқынулардың басқа да демеуші және симптоматикалық емін қабылдау. Ацеклофенакты ішке қабылдау кезіндегі жедел улануларды емдеу артық дозаланудан кейінгі ең қысқа мерзімде асқазанды шаю, белсендірілген көмір қолданудың (қайталама дозалар) көмегімен препараттың сіңуін болдырмаумен жүзеге асуы тиіс. ҚҚСП-ның ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысуы және қарқынды метаболизмі салдарынан, жеделдетілген диурез, диализ немесе гемоперфузияның ҚҚСП шығару үшін тиімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болған жағдайда) Әдетте байқалатын жағымсыз құбылыстардың көпшілігі – бұл асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар. Әсіресе, егде жастағы пациенттерде кейде өліммен аяқталуға алып келетін пептидтік ойық жара, тесілуі немесе АІЖ-нан қан кету пайда болуы мүмкін. ҚҚСП қабылдау кезінде жүрек айну, құсу, диарея, ішек кебуі, іш қату, диспепсия, асқазанның ауыруы, мелена, қан аралас құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы байқалған. Аз жиілікте гастрит байқалды. ҚҚСП қабылдаумен байланысты ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы хабарланған. Кейбір ҚҚСП (әсіресе, жоғары дозаларда қабылдағанда және ұзақ уақыт қолданғанда) артериялық тромбоз құбылыстарының қаупін (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) арттыруы мүмкін. Ацеклофенакты қолданумен байланысты жедел коронарлық синдром және миокард инфаркті қаупінің ұлғаюы байқалған. Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін) - бас айналу - жүрек айну, диспепсия, іштің ауыруы, диарея - «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін) - құсу, ішек кебуі, іш қату, ауыз қуысы шырышты қабығының ойық жаралануы, гастрит - қышыну, бөртпе, дерматит, есекжем - қандағы мочевина және креатинин концентрацияларының жоғарылауы Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін) - анемия - анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса), аса жоғары сезімталдық - көрудің нашарлауы - артериялық гипертензия, артериялық гипертензияның нашарлауы, жүрек жеткіліксіздігі - ентігу - мелена, асқазан-ішек жолының ойық жаралануы, геморрагиялық диарея, асқазан-ішек жолындағы геморрагиялар - ангионевроздық ісіну Өте сирек (<1/10000) - сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі: гранулоцитопения, тромбоцитопения, нейтропения, гемолитикалық анемия - гиперкалиемия - депрессия, әдеттен тыс түстер көру, ұйқысыздық - парестезия, тремор, ұйқышылдық, бас ауыру, дисгевзия (дәм сезудің бұрмалануы) - вертиго, құлақтың шыңылдауы - жүрек соғуын сезіну - тері гиперемиясы, ысынулар, васкулит - бронх түйілуі - стоматит, қан құсу, ішектің тесілуі, Крон ауруы ағымының және ойық жаралы колиттің нашарлауы, панкреатит - бауырдың зақымдануы (гепатитті қоса), қандағы сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы - пурпура, экзема, тері және шырышты қабықтар тарапынан болатын ауыр реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса) - нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит - қатты қажу, бұлшықеттердің түйілуі (аяқтарда), ісіну - денеге салмақ қосу Айрықша жағдайларда, желшешек ауруы кезінде ҚҚСП қабылдағанда күрделі тері инфекциялары және жұмсақ тіндер инфекциялары байқалған. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.