Құрамы
Бір үлбірлі қабықпен қапталған таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 мг ацеклофенак,
қосымша заттар: глицерол дистеараты (I типі), натрий кроскармеллозасы, повидон, микрокристалды целлюлоза.
қабықтың құрамы: Сепифильм 752 ақ: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол стеараты (I типі).
Дозасы
Қолайсыз құбылыстарды ең төмен тиімді дозаны қолданғанда және емдеу ұзақтығын ауру симптомдарының бақылануына жетуге қажетті ең төменіне дейін қысқартумен азайта түсуге болады.
Препарат ішке қабылдауға арналған; таблетканы кем дегенде жарты стақан сумен ішіп, жұтқан жөн. АЭРТАЛ® препаратын ас ішкенде қабылдауға болады.
Ересектер
Ұсынылатын ең жоғары дозасы күніне 100 мг-ден екі бөлек (таңертең бір таблетка және біреуі кешкілік) қабылданатын 200 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Әдетте дозаны азайту қажеттілігі жоқ; дегенмен алдын ала сақтану шараларын қабылдау қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ацеклофенак дозасын әлсіз немесе орташа дәрежедегі бауыр ауруларына шалдыққан пациенттерде азайту керек. Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 100 мг құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде ацеклофенак дозасын азайту қажеттілігі жөнінде деректер жоқ, бірақ АЭРТАЛ® препаратын қолдану кезінде сақ болу керек.
Балалар
Препаратты балаларда қабылдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Симптомдары: жүрек айну, құсу, асқазанның ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық және бас ауыру.
Емі: антацидтер қабылдау, қажет болғанда, артериялық гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі және тыныстың тарылуы сияқты асқынулардың басқа да демеуші және симптоматикалық емін қабылдау. Ацеклофенакты ішке қабылдау кезіндегі жедел улануларды емдеу артық дозаланудан кейінгі ең қысқа мерзімде асқазанды шаю, белсендірілген көмір қолданудың (қайталама дозалар) көмегімен препараттың сіңуін болдырмаумен жүзеге асуы тиіс. ҚҚСП-ның ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысуы және қарқынды метаболизмі салдарынан, жеделдетілген диурез, диализ немесе гемоперфузияның ҚҚСП шығару үшін тиімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болған жағдайда)
Әдетте байқалатын жағымсыз құбылыстардың көпшілігі – бұл асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар. Әсіресе, егде жастағы пациенттерде кейде өліммен аяқталуға алып келетін пептидтік ойық жара, тесілуі немесе АІЖ-нан қан кету пайда болуы мүмкін. ҚҚСП қабылдау кезінде жүрек айну, құсу, диарея, ішек кебуі, іш қату, диспепсия, асқазанның ауыруы, мелена, қан аралас құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы байқалған. Аз жиілікте гастрит байқалды.
ҚҚСП қабылдаумен байланысты ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы хабарланған.
Кейбір ҚҚСП (әсіресе, жоғары дозаларда қабылдағанда және ұзақ уақыт қолданғанда) артериялық тромбоз құбылыстарының қаупін (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) арттыруы мүмкін. Ацеклофенакты қолданумен байланысты жедел коронарлық синдром және миокард инфаркті қаупінің ұлғаюы байқалған.
Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)
- бас айналу
- жүрек айну, диспепсия, іштің ауыруы, диарея
- «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы
Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін)
- құсу, ішек кебуі, іш қату, ауыз қуысы шырышты қабығының ойық жаралануы, гастрит
- қышыну, бөртпе, дерматит, есекжем
- қандағы мочевина және креатинин концентрацияларының жоғарылауы
Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін)
- анемия
- анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса), аса жоғары сезімталдық
- көрудің нашарлауы
- артериялық гипертензия, артериялық гипертензияның нашарлауы, жүрек жеткіліксіздігі
- ентігу
- мелена, асқазан-ішек жолының ойық жаралануы, геморрагиялық диарея, асқазан-ішек жолындағы геморрагиялар
- ангионевроздық ісіну
Өте сирек (<1/10000)
- сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі: гранулоцитопения, тромбоцитопения, нейтропения, гемолитикалық анемия
- гиперкалиемия
- депрессия, әдеттен тыс түстер көру, ұйқысыздық
- парестезия, тремор, ұйқышылдық, бас ауыру, дисгевзия (дәм сезудің бұрмалануы)
- вертиго, құлақтың шыңылдауы
- жүрек соғуын сезіну
- тері гиперемиясы, ысынулар, васкулит
- бронх түйілуі
- стоматит, қан құсу, ішектің тесілуі, Крон ауруы ағымының және ойық жаралы колиттің нашарлауы, панкреатит
- бауырдың зақымдануы (гепатитті қоса), қандағы сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
- пурпура, экзема, тері және шырышты қабықтар тарапынан болатын ауыр реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса)
- нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
- қатты қажу, бұлшықеттердің түйілуі (аяқтарда), ісіну
- денеге салмақ қосу
Айрықша жағдайларда, желшешек ауруы кезінде ҚҚСП қабылдағанда күрделі тері инфекциялары және жұмсақ тіндер инфекциялары байқалған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.