+293 бонус

АДВАНТАН 0,1% 15,0 жирная мазь

5870 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метилпреднизолона ацепонат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ЛЕО Фарма Мануфэкчуринг Итали С.р.л
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г майлы жақпамайдың құрамында белсенді зат - 1.00 мг метилпреднизолон ацепонаты, қосымша заттар: парафин жұмсақ ақ, парафин сұйық, микрокристалды балауыз, гидрогенизделген майсана майы.
Қолданылуы
- эндогенді экземада (атопиялық дерматитте, нейродермитте) - жанаспалы дерматитте - дегенеративті экземада - дисгидроздық экземада - нумулярлы экземада (микробтық экземада) - шығу тегі белгісіз экземада - балалардағы экземада
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - препаратты жағатын аумақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер - препаратты жағатын аумақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі) - препаратты жағатын аумақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, терінің атрофиялық аурулары, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
Дозасы
Әдетте, препаратты терінің зақымданған бөлігіне тәулігіне 1 рет жұқалап жағады. Емдеу ұзақтығы Әдетте, Адвантан® майлы жақпамайымен емдеу ұзақтығы ересектер үшін 12 аптадан аспауы тиіс. Бала жасындағы пациенттер Адвантан® майлы жақпамайын балаларға тағайындаған кезде дозаны түзету талап етілмейді. Әдетте, Адвантан® майлы жақпамайымен балалардағы емдеу ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Препараттың жедел уыттылығын зерттеген кезде теріге бір рет шамадан тыс қолданғанда (сіңуіне қолайлы жағдайда препаратты ауқымды көлемге жаққанда) немесе кездейсоқ ішке қабылдағанда жедел уланудың қандай да бір қаупі анықталмаған. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар Адвантан® майлы жақпамайының қолданған кезде препарат жаққан жерде күйдіру және қышыну секілді жағымсыз реакциялар көбірек жиілікпен байқалған. Клиникалық зерттеулерде байқалатын жағымсыз реакциялардың жиілігі ағзалар жүйесінің класы бойынша MedDRA – Реттеу қызметіне арналған медициналық сөздікке сәйкес бөлінген: Өте жиі (≥1/10), Жиі (≥1/100 <1/10), Жиі емес (≥1/1000 <1/100), Сирек (≥1/10000 <1/1000), Өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректерден есептеу мүмкін емес). Жиі - фолликулит, препарат жаққан жердің ашуы Жиі емес - пустулалар, күлдіреу пайда болуы, қышыну, ауырсыну, эритема, препарат жаққан жердегі папулалар - терідегі жарылулар, телеангиоэктазиялар Белгісіз жиілікте - акне Сондай-ақ, жергілікті қолдануға арналған басқа да кортикостероидтарды пайдаланған кезде мынадай жағымсыз реакциялар білінуі мүмкін: - аса жоғары сезімталдық, тері атрофиясы, стриялар, препарат жаққан жердегі фолликулит, гипертрихоз, периоральді дерматит, тері түсінің бұзылуы, көрудің бұзылуы, дәрілік түр компоненттерінің кез келгеніне аллергиялық тері реакциялары. Кортикостероидтардың жүйелік әсерлері препараттың сіңірілуі салдарынан жергілікті қолданған кезде байқалуы мүмкін. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей электронды пошта: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық Орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.