+56 бонус

АДВАНТ 8 мг №14 таб

1125 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кандесартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 8 мг, 16 мг кандесартан цилексетилі, қосымша заттар (8 мг дозасы): лактоза моногидраты (лактоза регулар), фармакоат 606 (НРМС), полисорбат 80, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, темірдің сары тотығы (Е172) қосымша заттар (16 мг дозасы): лактоза моногидраты (лактоза регулар), фармакоат 606 (НРМС), полисорбат 80, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты.
Қолданылуы
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны емдеу жүрек жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерді емдеу (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы < 40%): ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері тобының дәрілік заттары жақпаған кезде немесе оңтайлы ем жүргізілуіне қарамастан, жүрек жеткіліксіздігі симптомдары бар пациенттерде минералокортикоидты рецепторлардың антагонистерін көтере алмау жағдайында АӨФ тежегіштері тобының дәрілік заттарымен емдеуге қосымша ем ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- кандесартан цилексетиліне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестаз 1 жасқа дейінгі балалар кандесартанды және құрамында алискирен бар дәрілік заттарды қатар қолдану қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге қарсы көрсетілген (ШСЖ < 60 мл/мин/1.73 м2) тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Артериялық гипертензия Ересектер Кандесартанның ұсынылған бастапқы дозасы және стандартты демеуші дозасы — тәулігіне 1 рет 8 мг. Негізінен артериялық қысымның (АҚ) төмендеу әсеріне емдеу басталғаннан кейін 4 апта ішінде қол жеткізіледі. АҚ талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған пациенттерде доза тәулігіне 1 рет 16 мг-ға дейін немесе тәулігіне 1 рет 32 мг-ға дейін (32 мг — ең жоғары тәуліктік доза) ұлғайтылуы мүмкін. Терапияны АҚ реакциясына сәйкес түзету қажет. Кандесартан препараты басқа гипертензияға қарсы дәрілермен бірге тағайындалуы мүмкін. Гидрохлоротиазидті кандесартанмен біріктіріп қолданғанда АҚ қосымша төмендететіні дәлелденген. Егде жастағы пациенттерде қолдану Егде жастағы пациенттерде бастапқы дозаны түзету талап етілмейді. Айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмендеген пациенттерде қолдану Артериялық гипотензия қаупі бар гиповолемияға шалдыққан пациенттерде бастапқы дозаны 4 мг-да қарастырған жөн. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін, оның ішінде гемодиализдегі пациенттер үшін кандесартан цилексетилінің бастапқы дозасы 4 мг құрайды. Доза емге жауабына байланысты түзетілуі тиіс. Кандесартанды бүйрек функциясының өте ауыр бұзылған және бүйрек функциясының бұзылуы терминалдық сатыдағы пациенттерде қолдану тәжірибесі шектелген (креатинин клиренсі 15 мл/мин-ден аз). Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану Кандесартанның 4 мг бастапқы дозасы бауыр функциясы жеңіл немесе орташа бұзылған пациенттер үшін ұсынылады. Емге жауабына байланысты доза түзетілуі тиіс. Бауыр функциясы ауыр бұзылған және/немесе холестазы бар пациенттерде дәрілік препаратты қолдануға болмайды. Қара нәсілді пациенттерде қолдану Кандесартанның гипертензияға қарсы әсері басқа нәсілді пациенттерге қарағанда қара нәсілді пациенттердегі айқындығы төмен. Сондықтан пациенттердің осы санатында АҚ оңтайлы бақылауға қол жеткізу үшін Кандесартан дозасын ұлғайту және қатарлас ем тағайындау жиі қажет болуы мүмкін. Балалар Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 4 мг. - дене салмағы <50 кг балалар мен жасөспірімдер үшін: егер артериялық гипертензияға талапқа сай бақылауға қол жеткізілмесе, доза тәулігіне 1 рет барынша 8 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін (8 мг — пациенттердің осы тобы үшін ең жоғары тәуліктік доза); - дене салмағы ≥50 кг балалар мен жасөспірімдер үшін: егер артериялық гипертензияға талапқа сай бақылауға қол жеткізілмесе, доза тәулігіне 1 рет 8 мг-ға дейін, содан кейін қажет болғанда тәулігіне 1 рет 16 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Кандесартанды балалар популяциясында 32 мг астам дозада қолдану зерттелген жоқ. Ең үлкен гипертензияға қарсы әсерге емдеу басталғаннан бастап 4 апта ішінде қол жеткізіледі. АҚК төмендеуі ықтимал балалар үшін (мысалы, диуретиктер қабылдайтын, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер) кандесартанмен емдеуді мұқият медициналық қадағалаумен бастаған жөн және басында жоғарыдағыларға қарағанда анағұрлым төмен дозаны тағайындау мүмкіндігін қараған жөн. Шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) 30 мл/мин/1,73 м2 балаларда кандесартанды қолдану зерттелмеген. Қара нәсілді балалар Гипертензияға қарсы әсер басқа нәсілді балаларға қарағанда аз дәрежеде байқалады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар Кандесартанның 6 жасқа дейінгі балалардағы тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Қазіргі уақытта қолжетімді деректер төменде баяндалған, алайда осы жас тобындағы балаларда кандесартанды дозалау бойынша қандай да бір нұсқаулар берілмейді. Кандесартанды 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.