АДВАГРАФ 1 мг №50 пролонг. капс

18000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Такролимус
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Ирландия
  • Өндіруші: Астеллас Фарма Юроп Б.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында: белсенді зат - такролимус, 0,5 мг, 1 мг, 5 мг (0.51 мг, 1,02 мг, 5.10 мг такролимус моногидраты түрінде); қосымша заттар: гипромеллоза, этилцеллюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты; капсуланың қабығы: титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), желатин, натрий лаурилсульфаты Opaсode S-1-15083 сиясы: этанолдағы 45 % шеллак эмалі, лецитин (соя), симетикон, темірдің қызыл тотығы (E172), тазартылған су, гидроксипропилцеллюлоза, SDA3 спирті (этанол, метанол)*, н-бутанол*. * - өндіріс барысында ұшып кететін заттар
Қолданылуы
ересек пациенттерде бауыр, бүйрек аллотрансплантатының қабылданбай ажырауының алдын алу; иммуносупрессивті емнің стандартты режимдеріне резистентті аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
такролимусқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық басқа макролидтерге аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Төменде көрсетілген ұсынылатын бастапқы дозалар тек нұсқау ретінде қарастырылуы керек. Бастапқы операциядан кейінгі кезеңде Адваграф® дәрілік препаратын әдетте басқа иммунодепрессанттармен бірге қолданады. Такролимус дозасы иммуносупрессивті емнің таңдалған сызбасына байланысты ауытқуы мүмкін. Адваграф® дәрілік препаратының дозасын таңдау ең алдымен қабылданбай ажырауды жеке клиникалық бағалауға және әр пациентте препараттың жағушылығын оның қандағы концентрациясын мониторингілеу көмегімен негізделуі тиіс (төмендегі «Дәрілік препаратты бақылау» бөлімін қараңыз). Қабылданбай ажыраудың клиникалық белгілері пайда болған кезде, иммуносупрессивті емнің режимін өзгерту туралы мәселені қарастыру керек. Бүйрек және бауырдың de novo трансплантациясы бар пациенттерде Адваграф® препаратындағы такролимустың AUC0-24 1 күні баламалы дозада босап шығуы жылдам (Програф®) капсулаларды қолданғаннан кейінге қарағанда тиісінше 30 % және 50 % болды. 4-ші күні ең төмен деңгей бойынша өлшенетін жүйелі экспозиция екі дәрілік түрді қолданған кезде бүйрек пен бауыр ауыстырып салған пациенттерде бірдей. Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу аясында трансплантациядан кейінгі алғашқы екі аптада ерте трансплантациядан кейінгі кезеңде препараттың тиісті экспозициясын қамтамасыз ету үшін такролимус концентрациясына мұқият және жиі мониторинг жүргізу керек. Такролимус клиренсі төмен болғандықтан, Адваграф® дәрілік препаратының дозалау режимін түзету тепе-теңдік концентрациясына қол жеткізер алдында бірнеше күн қажет болуы мүмкін. Трансплантаттың қабылданбай ажырауын бәсеңдету үшін иммуносупрессия жай-күйін демеу қажет; нәтижесінде дәрілік препаратты ішке қабылдаумен емдеу ұзақтығы бойынша шектеулерді келтіру мүмкін емес. Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырауының профилактикасы Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді тәулігіне бір рет таңертең қабылданатын тәулігіне 0,20–0,30 мг/кг дозадан бастаған жөн. Дәрілік препаратты қабылдауды хирургиялық араласу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде бастау керек. Трансплантациядан кейінгі кезеңде Адваграф® дәрілік препаратының дозаларын әдетте азайтады. Кейбір жағдайларда қатарлас иммуносупрессивті емді тоқтатуға және Адваграф® дәрілік препаратымен монотерапияға ауыстыруға болады. Трансплантациядан кейінгі кезеңде пациент жағдайының өзгеруі такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және препарат дозасын қосымша түзету қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Бауыр трансплантатының қабылданбай ажырауының профилактикасы Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді тәулігіне бір рет таңертең қабылданатын тәулігіне 0,10–0,20 мг/кг дозадан бастау керек. Дәрілік препаратты қабылдауды хирургиялық араласу аяқталғаннан кейін шамамен 12-18 сағаттан кейін бастаған жөн. Адваграф® дәрілік препаратының дозаларын трансплантациядан кейінгі кезеңде әдетте азайтады. Кейбір жағдайларда қатарлас иммуносупрессивті емді тоқтатуға және Адваграф® дәрілік препаратымен монотерапияға ауыстыруға болады. Трансплантациядан кейінгі кезеңде пациент жағдайының жақсаруы такролимустың фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін және дәрілік препараттың дозасын қосымша түзету қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Пациенттерді Програф® препаратынан Адваграф® ауыстыру Тәулігіне бір рет қолданылатын Адваграф® дәрілік препаратына ауыстыруды қажет ететін тәулігіне екі рет капсула түріндегі Програф® дәрілік препаратын қабылдайтын басқа пациенттен мүше трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде 1:1 (мг:мг) қатынаста жиынтық тәуліктік дозаға ауыстыру керек. Адваграф® дәрілік препаратын таңертең қабылдаған жөн. Капсула түріндегі Програф® дәрілік препаратынан (тәулігіне 2 рет) жалпы тәуліктік доза негізінде Адваграф® препаратына (тәулігіне 1 рет) 1:1 (мг:мг) қатынаста ауыстырылған жағдайы тұрақты пациенттерде Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу кезінде такролимустың (AUC0-24) жүйелік экспозициясы Програф® дәрілік препаратымен емдеу кезіндегіге қарағанда шамамен 10 % төмен болды. Адваграф® дәрілік препаратымен емдеу кезінде такролимустың ең төмен деңгейлері (C24) мен жүйелік экспозиция (AUC0-24) арасындағы өзара байланыс Програф® препаратымен емдеу кезіндегіге ұқсас. Капсула түріндегі Програф® дәрілік препаратынан Адваграф® дәрілік препаратына ауыстырған кезде оның ең төмен деңгейлерін конверсияға дейін және конверсиядан кейін екі апта бойы өлшеу қажет. Конверсиядан кейін такролимустың ең төмен деңгейлерін бақылау және қажет болған жағдайда ұқсас жүйелік экспозицияны демеу үшін дозаны түзету қажет. Ұқсас жүйелік экспозицияны демеуді қамтамасыз ету үшін дозаны түзету қажет. Циклоспориннен такролимусқа конверсия Пациенттерді циклоспорин негізіндегі емдеуден такролимус негізіндегі емдеуге ауыстырған кезде сақ болу қажет. Циклоспорин мен такролимусты біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Адваграф® дәрілік препаратымен емдеуді қандағы циклоспорин концентрациясын және пациенттің клиникалық жағдайын бағалағаннан кейін бастау керек. Дәрілік препаратты енгізуді қандағы циклоспорин концентрациясы жоғары болғанда, кейінге қалдыру керек. Тәжірибеде такролимуспен емдеуді циклоспоринді қолдануды тоқтатқаннан кейін 12-24 сағаттан кейін бастайды. Пациентті ауыстырғаннан кейін циклоспорин клиренсінің өзгеру мүмкіндігіне байланысты қандағы циклоспорин концентрациясын мониторингілеуді жалғастыру қажет. Аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу Қабылданбай ажырау эпизодтарын емдеу кезінде такролимустың жоғары дозалары, кортикостероидтармен қосымша емдеу, моно-/поликлональді антиденелермен емдеудің қысқа курсы пайдаланылды. Уыттылық белгілері пайда болған кезде, Адваграф® дәрілік препаратының дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Бүйрек немесе бауыр трансплантациясынан кейін аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу Басқа иммунодепрессанттардан тәулігіне бір рет қолданылатын Адваграф® ауыстырған кезде трансплантаттың қабылданбай ажырауының профилактикасы үшін тиісінше бүйрек және бауыр трансплантациясы кезінде ұсынылатын ішке қабылдауға арналған бастапқы дозадан бастау керек. Жүрек трансплантациясынан кейін аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу Ересек пациенттерде Адваграф® дәрілік препаратына ауыстырған кезде препараттың тәулігіне 0,15 мг/кг ішке қабылдауға арналған бастапқы дозасын тәулігіне бір рет таңертең қабылдау керек. Басқа аллотрансплантаттар трансплантациясынан кейін аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу Өкпе, ұйқы безі немесе ішек трансплантациясынан кейін пациенттерде Адваграф® дәрілік препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесінің болмауына қарамастан, өкпе, ұйқы безі немесе ішек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде тәулігіне 0,10–0,15 мг/кг бастапқы дозада өкпе трансплантациясынан кейінгі пациенттерде, ұйқы безі трансплантациясынан кейінгі пациенттерде - тәулігіне 0,2 мг/кг бастапқы дозада, ішек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде - тәулігіне 0,3 мг/кг бастапқы дозада ішке қабылдауға арналған Програф® қолданды. Қандағы дәрілік препараттың концентрациясын мониторингілеу Дозаны таңдау жаңа алынған қандағы такролимустың ең төмен концентрациясын мониторингілеуді жүргізу көмегімен, ең алдымен, қабылданбай ажырауды жеке клиникалық бағалау және әр пациенте препараттық жағымдылығына негізделуі тиіс. Дозаны таңдауды оңтайландыру үшін жаңа алынған қандағы такролимустың концентрациясын анықтау үшін бірнеше иммуноферментті талдау бар. Әдебиетте жарияланған концентрациялар туралы деректерді жеке клиникалық көрсеткіштермен салыстыруды сандық анықтаудың пайдаланылатын әдістері туралы ақпараттың негізінде сақтықпен жүргізу керек. Заманауи клиникалық тәжірибеде жаңа алынған қандағы концентрацияны сандық анықтаудың иммунологиялық әдістерін пайдаланумен бақылайды. Такролимустың ең төмен деңгейлері (C24) мен жүйелік экспозиция (AUC0-24) арасындағы өзара байланыс Адваграф® және Програф® препараттарының екі дәрілік түрі үшін бірдей. Трансплантациядан кейінгі кезеңде қандағы такролимустың ең төмен концентрациясын бақылау керек. Қандағы такролимустың ең төмен концентрациясын өлшеуді Адваграф® дәрілік препаратын қолданғаннан кейін шамамен 24 сағаттан кейін, тура келесі дозаны қабылдар алдында жүргізу керек. Трансплантациядан кейінгі алғашқы екі аптада дәрілік препараттың ең төмен деңгейін жиі бақылау, содан кейін демеуші ем барысында мерзімді бақылау ұсынылады. Қандағы такролимустың ең төмен концентрациясын Програф® дәрілік препаратынан Адваграф® дәрілік препаратына ауысқаннан кейін, дозаны түзеткеннен, иммуносупрессивті емнің режимін өзгерткеннен кейін немесе жаңа алынған қандағы такролимус концентрациясын өзгертуі мүмкін заттармен бірге қолданғаннан кейін мұқият бақылау керек. Қандағы дәрілік препараттың концентрациясын анықтау жиілігі клиникалық қажеттіліктерге негізделуі тиіс. Такролимус төмен клиренске ие болғандықтан, Адваграф® дәрілік препаратының дозалау режимін түзеткеннен кейін қажетті тепе-теңдік концентрацияға қол жеткізу бірнеше күнді алуы мүмкін. Клиникалық зерттеуде алынған деректер пациенттердің көпшілігінде такролимуспен емдеу 20 нг/мл-ден аспайтын деңгейде қандағы такролимустың ең төмен концентрациясын демеу кезінде сәтті болып табылатыны туралы куәландырады. Жаңа алынған қандағы дәрілік препараттың концентрациясы туралы деректерді түсіндіру кезінде пациенттің клиникалық жағдайын бағалау қажет. Клиникалық тәжірибеде ерте трансплантациядан кейінгі кезеңде жаңа алынған қандағы дәрілік препараттың ең төмен концентрациясы, әдетте, бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттерде 5–20 нг/мл және бүйрек пен жүрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде 10–20 нг/мл диапазонда болады. Демеуші ем кезінде, бауыр, бүйрек және жүрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде қандағы препараттың концентрациясы 5–15 нг/мл диапазонда болады. Енгізу әдісі және жолы Адваграф® құрамында такролимус бар ішке қабылдауға арналған тәулігіне бір рет қабылдауға арналған дәрілік түр болып табылады. Адваграф® препаратының тәуліктік дозасын тәулігіне бір рет таңертең ішке қабылдау ұсынылады. Адваграф®, босап шығуы ұзаққа созылатын қатты капсулаларды блистерден шығарғаннан кейін бірден қабылдау керек. Пациенттерге ішке қабылдауға арналмаған ылғал сіңіргіштің болатыны туралы ескерту керек. Капсулаларды сұйықтықпен (сумен ішкен дұрыс) іше отырып, тұтастай жұту керек. Адваграф® дәрілік препаратының ең жоғары сіңірілуіне қол жеткізу үшін әдетте ашқарынға немесе тамақтанғанға дейін 1 сағат бұрын немесе 2-3 сағаттан кейін қабылдау керек. Таңертеңгі дозаны өткізіп алған жағдайда сол күннің ішінде мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Келесі күні таңертең қос дозаны қабылдамаған жөн. Ерте трансплантациядан кейінгі кезеңде дәрілік препараттарды ішке қабылдау мүмкіндігі жоқ пациенттерде ішке қабылдауға арналған ұсынылған дозаның шамамен 1/5 құрайтын дозада такролимусты вена ішіне енгізуді бастау керек (Програф® 5 мг/мл инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дәрілік препаратының қысқаша сипаттамасы қараңыз). Емдеу ұзақтығы Трансплантаттың қабылданбай ажырауын басу үшін иммуносупрессия жағдайын демеу қажет; сондықтан дәрілік препаратты ішке қабылдаумен емдеу ұзақтығы бойынша шектеулерді келтіру мүмкін емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.