+150 бонус

АДСОРБИКС ЭКСТРА 200 мг № 30 капс

3010 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Активированный уголь
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Норит Нидерланды БиВи
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – микрондалған белсендірілген көмір 200 мг, қосымша заттар: желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (E 172).
Қолданылуы
Келесі ауруларда біріктірілген ем құрамында: - тағамдық токсикоинфекция - дизентерия, сальмонеллез - энтероколит - диарея, метеоризм, іріңдеу үдерістері, ашу, шырыштың, тұз қышқылының гиперсекрециясы - дәрілік препараттармен улану (психотропты, ұйықтататын, есірткілік дәрілер және б.) - алкалоидтардан, ауыр металл тұздарынан улану - бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі - созылмалы гепатит, жедел вирустық гепатит, бауыр циррозы - аллергиялық диатездер, атопиялық дерматиттер, аллергиялық гастроэнтерит, токсикодермиялар - рентгенологиялық зерттеулерге дайындық (газдың түзілуін азайту үшін)
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - асқазан-ішек бітелісі және ішек бітелісіне күдіктену - іштің қатты ауыруы, өзіне тән емес ойық жаралы колит, АІЖ-дан қан кетулер - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Ішке қабылдауға арналған капсулаларды сумен бірге ішу керек. 1-3 капсуладан, тәулігіне 3-4 рет тамақ немесе дәрілік заттарды ішкенге дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін. Жедел улануларда және жедел панкреатиттерде өздігінен жұтатын болғаннан кейінгі 2-3 тәулікте күніне 10 капсулаға дейін қабылдау керек. Ауырлығы орташа жедел панкреатитте Адсорбикс® Экстра қолдануды экстракорпоральді гемосорбциямен үйлестіріп жүргізген жөн.  Ең жоғары бір реттік доза – 4 капсула, ең жоғары тәуліктік доза – 12 капсула. 6 жастан асқан балаларға күніне 2 рет 1-3 капсуладан. Жедел улануларда және жедел панкреатиттерде күніне 2-3 рет 1-3 капсуладан. Ең жоғары бір реттік доза 3 капсула, ең жоғары тәуліктік доза – 9 капсула. Жедел улануларда емдеу ұзақтығы 3-5 күнді құрайды. Созылмалы уыттануларда 10 күннен 14 күнге дейін. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде Адсорбикс® Экстра тағайындауға көрсетілім 0,4 ммоль/л және одан жоғары креатинемия болып табылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.