+97 бонус

АДИВИТ сироп Мультивитамины 200 мл

1950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Поливитамины, простые.
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Иляч Санайи ве Тиджарет
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір өлшегіш қасық (5 мл) құрамында белсенді заттар: ретинол пальмитаты (А дәрумені) 1500 ХБ тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 1 мг рибофлавин-5-фосфат натрийі (В2 дәрумені) 1,2 мг пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 2 мг никотинамид (РР дәрумені) 7 мг декспантенол (D-Пантенол) 3 мг кристалданған аскорбин қышқылы (С дәрумені) 25 мг холекальциферол (D3 дәрумені) 400 ХБ α-Токоферол ацетаты (Е дәрумені) 5 мг, қосымша заттар: сахароза, кремофор RH 40, натрий сахарині, метилпарабен, пропилпарабен, динатрий эдетаты, глицерин, натрий бензоаты, апельсин эссенциясы, тазартылған су
Қолданылуы
- дәрумендерге аса мұқтаждықпен бірге жүретін күйлерде: дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары кездерде, мерзімдік авитаминозда, алиментарлы дәрумен жеткіліксіздігінде және арнайы диета сақтауда, жарақаттану мен операциялық араласуларда, жүктілік және лактация кезеңінде, оның ішінде жүктілердің гестозды жағдайында - ауырып сауыққаннан кейінгі кезеңде (инфекцияларда, созылмалы аурулардың асқынуында), шаршау, әлсіздік, салмақ жоғалту кезеңдерінде - химиятерапиялық дәрілер қабылдағанда - балалардағы неврологиялық ауруларда (БЦС, ишемиялық гипоксиялық энцефалопатия, ишемиялық жарақаттық энцефалопатия, невриттер) біріктірілген ем құрамында - ретинопатияда - іріңді дерматиттерде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық -тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға - леводопамен бір уақытта қабылдау - көру жүйкесінің тұқым қуалайтын атрофиясы - қант диабеті
Дозасы
Балаларға: 3 айлықтан 1 жасқа дейінгі күнделікті 5 мл-ден (1 өлшегіш қасық), 1-жастан 5 жасқа дейінгі балаларға күнделікті 7,5 мл-ден (1,5 өлшегіш қасық), 5-жастан жоғары және ересектерге күнделікті 10 мл-ден (2 өлшегіш қасық), Жүкті және емшек емізетін әйелдерге күнделікті 10 мл-ден (2 өлшегіш қасық) Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақ уақытында немесе тамақтан кейін күніне 1 рет ішуге арналған шәрбат. Шәрбатты шайға немесе жеміс шырынына қосуға болады. Емдеу ұзақтығы Препаратты қабылдаудың ұзақтығы жеке анықталады, бірақ әдетте 1-ден 2 айға дейінгі курстық ұзақтықпен жылына бірнеше рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.