+581 бонус

АДЕНУРИК 120 мг №28 таб

11620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фебуксостат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – фебуксостат, 120 мг, қосымша заттар: ядр: лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH101), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH102), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, гидратталған коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған су (өндіру үдерісінде жойылады), қабығы: тазартылған су (өндіру үдерісінде жойылады), Opadry II сары, 85F42129: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
- урат кристалдарының шөгуімен қатар жүретін жағдайларда (оның ішінде қазіргі уақытта немесе анамнезінде тофустар және/немесе подагралық артрит болған кезде) созылмалы гиперурикемияны емдеуге арналған. - қатерлі гематологиялық аурулар кезінде емдеу үшін химиотерапиялық препараттарды қабылдайтын, ісіктің ыдырау синдромының (ІЫС) даму қаупі жоғары және орташа ересек пациенттерде гиперурикемияның профилактикасы және емдеу үшін. Аденурик 120 препараты ересектерде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - галактоза жақпауымен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер.
Дозасы
Подагра Аденурик препаратының ұсынылған дозасы тамақтануға қарамастан тәулігіне 1 рет ішке 80 мг құрайды. Егер сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы 2-4 апта емдегеннен кейін 6 мг/дл (357 мкмоль/л) асса, Аденурик препаратының дозасы тәулігіне 1 рет 120 мг-ға дейін жоғарылауы мүмкін. Аденурик препаратының әсері жеткілікті түрде жылдам басталады, бұл 2 аптадан кейін несеп қышқылының сарысулық концентрациясын қайта анықтауға мүмкіндік береді. Емдеудің мақсаты несеп қышқылының концентрациясын азайту және оны 6 мг/дл (357 мкмоль/л) төмен деңгейде ұстау. Подагра ұстамасының профилактика ұзақтығы кемінде 6 айды құрайды. Ісіктің ыдырау синдромы Аденурик 120 мг препаратының ұсынылған дозасы тамақ ішуге қарамастан тәулігіне 1 рет 120 мг құрайды. Аденурик препаратын қабылдауды цитоуытты ем басталғанға дейін екі тәулік бұрын бастаған және кемінде 7 тәулік бойы жалғастырған жөн; алайда емдеу ұзақтығы химиотерапияның ұзақтығына, сондай-ақ клиникалық бағалауға байланысты 9 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын өзгерту керек емес. Бүйрек функциясының бұзылуы Ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде тиімділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген. Бүйрек функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттерде фебуксостаттың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Подагра: бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған кезде препараттың ұсынылған дозасы 80 мг құрайды. Бауыр функциясы орташа дәрежеде бұзылу кезіндегі препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Ісіктің ыдырау синдромы: бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету керек емес. Педиатриялық бейіндегі пациенттер Аденурик 120 препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған. Деректер жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.