АДЕМТА 400 мг №20 таб

11480 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Адеметионин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 400.0 мг адеметионин (761.5200 мг адеметионин 1,4-бутандисульфонат түрінде). қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликолаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабығы: темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), эудрагит L-100-55, макрогол 6000, полисорбат 80, симетикон (100 %), натрий гидроксиді, тальк.
Қолданылуы
- бауырдың анықталған созылмалы ауруларында оның функциясын жақсарту және демеу үшін қосымша емде - бауырдың анықталған созылмалы аурулары кезіндегі қатты қажуда
Қарсы көрсетілімдер
- адеметионинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - метионин цикліне әсер ететін және/немесе гомоцистинурия және/немесе гипергомоцистеинемия тудыратын генетикалық бұзылулар (цистатионин бетасинтаза тапшылығы, В12 дәрумені метаболизмінің бұзылуы). - 18 жасқа дейінгі жастағылар (осы жастағы популяцияда адеметионинді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты). - биполярлық бұзылыстар
Дозасы
Дозалану режимі Ұсынылатын доза тәулігіне 1 кг дене салмағына 10-25 мг адеметионинді құрайды. Әдетте тәуліктік доза тәулігіне 1-2 таблетканы құрайды (тәулігіне 400-800 мг адеметионин) және тәулігіне 4 таблеткаға дейін ұлғайтылуы мүмкін (тәулігіне 1600 мг адеметионинға дейін). Әсері әдетте 7-14 күн емдеуден кейін білінеді және препаратты одан әрі қолданғанда сақталады. 2 апта бойы жүргізілген препаратпен емнің оң әсері болмаса немесе жағдайы нашарласа дәрігерге қаралу керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды шайнамай, дұрысы күннің бірінші жартысында тамақ ішу арасында тұтастай қабылдау керек. АДЕМТА препаратының таблеткаларын блистерден тікелей ішке қабылдар алдында шығару керек. Егер таблеткалардың түсі қызыл сары-қызғылттан ерекшеленетін болса (алюминий фольгасының герметикалық болмауына байланысты), АДЕМТА препаратын қолдану ұсынылмайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препараттың тәуліктік дозасын 2-3 қабылдауға бөлуге болады. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер жекелей анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.