+24 бонус

АЦИКЛОВИР СВС 200 мг №20 таб

490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТК Фарм Актобе
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 200 мг ацикловир, қосымша заттар: повидон К30, лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы.
Қолданылуы
- бастапқы және қайталанатын гениталий герпесін қоса, қарапайым герпес вирусынан туындаған тері мен шырышты қабықтардың инфекцияларын емдеуде - иммунокомпетентті пациенттерде қайталанатын қарапайым герпес қайталануының профилактикасы үшін - иммунитеті әлсіреген науқастарда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы үшін - ересек науқастардағы белдемелі герпесте - иммунитеті әлсіреген пациенттердегі желшешекте
Қарсы көрсетілімдер
- ацикловирге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ацикловир - СВС ішке тағайындалады. Емдеуді қарапайым герпестің немесе, VZV-ден туындаған инфекциялардың алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде бастау керек. Егер желшешекті емдеу бөртпе пайда болғаннан кейін алғашқы немесе екінші тәулікте басталса, ол анағұрлым тиімді болады. Иммунитеті бұзылған науқастарда тері мен шырышты қабықтардың зақымдануын жазу үшін, емдеу ұзақтығын, қабыршықтар пайда болғанша немесе эпителизацияланғанша арттыруға болады. Препаратты ас ішу кезінде қабылдауға болады, өйткені бұл оның сіңірілуіне мүлдем әсер етпейді. Бір стақан сумен ішу ұсынылады. Кейбір пациенттер үшін жыныс мүшелерінің қайталанатын герпесін қысқа мерзімде үзіліспен емдеу тиімді болуы мүмкін, бірақ емдеуді продромальді кезеңде немесе аурудың алғашқы белгілері білінген кезде бастау қажет. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға арналған орташа дозалары: Ересектер Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу үшін, препараттың ұсынылатын дозасы түнгі уақыттарды қоспағада, тәулігіне 5 рет, әр 4 сағат сайын 200 мг (1 таблетка) құрайды. Әдетте, емдеу курсы 5 күнді құрайды, бірақ бастапқы ауыр инфекциялар кезінде ұзартылуы мүмкін. Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігінің трансплантациясынан кейін) немесе ішекте сіңірілу бұзылған кезде препараттың дозасы тәулігіне 5 рет 400 мг (2 таблетка) дейін арттырылуы немесе вена ішіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Емдеуді инфекция туындағаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау қажет; қайталану кезінде препаратты продромальді кезеңнен-ақ немесе бөртпенің алғашқы элементтері пайда болғаннан бастап тағайындау ұсынылады. Иммундық статусы сақталған қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар қайталануларының профилактикасы үшін Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар қайталануының профилактикасы үшін, препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 200 мг құрайды. Көптеген пациенттерге емдеудің анағұрлым ыңғайлы кестесі тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) 400 мг қолайлы болады. Бірқатар жағдайларда препараттың тәулігіне 3 рет (әр 8 сағат сайын) 200 мг немесе тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) төменірек дозалары тиімді болып табылады. Кейбір пациенттерде инфекцияны тоқтату 800 мг тәуліктік жиынтық дозасын қабылдағанда байқалуы мүмкін. Ауру ағымындағы болуы мүмкін өзгерістерді анықтау үшін, препаратпен емдеуді ара-арасында 6-12 айға уақытша тоқтата тұру керек. Иммун тапшылығы бар пациенттердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы үшін Иммун тапшылығы бар пациенттердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы үшін препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 200 мг құрайды. Айқын иммун тапшылығы (мысалы, сүйек кемігінің трансплантациясынан кейін) немесе ішекте сіңірілудің бұзылуы жағдайында препараттың ішке қабылдауға арналған дозасын 400 мг дейін арттыруға немесе вена ішіне енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Профилактикалық емдеу курсының ұзақтығы инфекция жұғу қаупі бар кезеңнің ұзақтығына қарай анықталады. Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу үшін препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг (4 таблетка) құрайды; препаратты түнгі уақыттарды қоспағанда, әр 4 сайын қабылдайды. Емдеу курсы 7 күнді құрайды. Препаратты инфекция басталғаннан кейін барынша ертерек тағайындау керек. Белдемелі теміреткіні емдеу бөртпе пайда болғаннан кейін қаншалықты ерте басталса, соншалықты тиімді болады. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.