+67 бонус

АЦИКЛОВИР БЕЛУПО 5% 10 г крем

1350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Белупо Лекарства и косметика д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді зат - ацикловир 50 мг, қосымша заттар: пропиленгликоль, глицерилстеарат полиэтиленгликоль-100 стеарат, цетостеарил спирті, ақ жұмсақ парафин, сұйық парафин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су.
Қолданылуы
- 1 және 2 типті қарапайым герпес (Herpes simplex) вирусынан туындаған бастапқы және қайталанатын тері, ерін және ұрт инфекцияларын жергілікті емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- ацикловирге, валацикловирге немесе препарат құрамындағы кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық.
Дозасы
Крем түнгі уақытты қоспағанда, шамамен 4 сағат аралығымен күніне 5 рет қолданылады. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Емді кемінде 4 күн жалғастыру керек. Егер жазылмаса, ем 5 күнге дейін (10 күнге дейін) созылуы мүмкін. Егер зақымдану 10 күннен кейін әлі де болса, пациенттер дәрігермен кеңесуі керек. Балалар Препарат балаларда ересектердегідей қолданылады. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Құрамында 500 мг ацикловир бар 10 г Ацикловир Белупо кремі ішіндегісінің барлығын кездейсоқ жұтып қойғаннан кейін де, жағымсыз әсерлер болмайды. Алайда, ацикловирмен қайтадан кездейсоқ ішу арқылы артық дозалану бірнеше күннен кейін асқазан - ішек жолына (жүрек айну және құсу) және жүйке жүйесіне (бас ауыру және сананың шатасуы) жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ацикловирді гемодиализдің көмегімен шығаруға болады. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар Қатысты емес Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету Қатысты емес ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Жиілігінің санаты жағымсыз реакциялардың әр түріне осы клиникалық зерттеулер негізінде тіркелген жиілікке сәйкес анықталады: Өте жиі (≥1/10), Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), Сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), Өте сирек (<1/10000) Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін): - Қолданылған жерде уақытша күйдіру немесе шаншу сезімі, терінің аздап құрғауы немесе қабыршықтануы, қышыма Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін): - эритема, жаққаннан кейінгі жанаспалы дерматит. Өте сирек (<1/10000): - аса жоғары сезімталдық реакциясы *, ангионевроздық ісіну. * Сезімталдыққа арналған тестте кремдегі ацикловир – белсенді заты емес, қосымша заттардың аса жоғары сезімталдық реакциясының жиі кездесетінін көрсетті. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.