АЦИКЛОВИР-БЕЛУПО 400 мг №35 таб

5640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Белупо Лекарства и косметика д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 425.532 мг ацикловир (400 мг сусыз ацикловирге баламалы); қосымша заттар: повидон, натрий крахмалы гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты; үлбірлі қабықтың құрамы Opadry Pink OY-24926: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
- бастапқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса, 1 және 2 типті herpes simplex қарапайым герпес вирустарынан (ҚГВ) туындаған тері мен шырышты қабықтарды емдеу (иммунитеті әлсіреген балаларда неонатальді ҚГВ және ауыр формадағы ҚГВ қоспағанда) - иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар қайталануының профилактикасы - иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирустарынан туындаған инфекциялардың профилактикасы - желшешек (varicella) және белдемелі герпес (herpes zoster) вирустарынан туындаған инфекцияларды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- ацкиловирге, валацикловирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу Бастапқы инфекцияны емдеудегі стандартты доза пациенттің сергек кезінде 4 сағат сайын тәулігіне 5 рет 200 мг ацикловирді құрайды. Емдеу 5 күнге созылуы тиіс, ауыр жағдайларда оны ұзартуға болады. Иммунитеті едәуір әлсіреген пациенттер үшін (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) және ішекте сіңуі төмендеген пациенттер үшін сол дозалау сызбасына сәйкес 400 мг доза қолданылады немесе вена ішіне енгізу қарастырылуы мүмкін. Емдеуді аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Қайталану кезінде емдеуді продромальді кезеңде немесе алғашқы симптомдар пайда болған кезде бастау қажет. Иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар қайталануының профилактикасы Әдеттегі доза күніне 4 рет 6 сағат аралықпен 200 мг ацикловирді құрайды. Кейбір пациенттер 12 сағат аралықпен тәулігіне 2 рет 400 мг ацикловир дозасын қолдануы мүмкін. Кейде дозаны 8 сағат аралықпен тәулігіне 3 рет 200 мг-ға дейін немесе тіпті 12 сағаттық аралықпен тәулігіне 2 рет өзгерту тиімді болуы мүмкін. Кейбір пациенттерде 800 мг ацикловирдің жиынтық тәуліктік дозасын қабылдау кезінде аурудың қайталануы орын алуы мүмкін. Аурудың жағдайын бағалау үшін емдеуді мезгіл-мезгіл 6-12 айға тоқтату керек. Иммунитеті әлсіреген пациенттерде герпестің вирустық инфекцияларының профилактикасы Әдеттегі доза күніне 4 рет 6 сағатқа жуық аралықпен 200 мг ацикловирді құрайды. Иммунитеті едәуір бәсеңдеген пациенттерде (мысалы, сүйек кемігінің трансплантациясынан кейін), сондай-ақ асқазан-ішек жолында абсорбциясы төмен пациенттерде қолданылатын доза 400 мг құрайды, ал дозалау сызбасы жоғарыда көрсетілгенге сәйкес келеді немесе вена ішіне енгізу қарастырылуы мүмкін. Осы пациенттерде ацикловирді профилактикалық қолдану қауіп кезеңінің ұзақтығымен анықталатын болады. Желшешек вирустары туындатқан инфекциялар Әдеттегі доза пациенттің сергек кезінде 4 сағат аралықпен тәулігіне 5 рет 800 мг ацикловирді құрайды. Емдеу 7 күн бойы жалғасуы тиіс. Иммунитеті едәуір әлсіреген пациенттерде (мысалы, сүйек кемігінің трансплантациясынан кейін), сондай-ақ асқазан-ішек жолында абсорбциясы төмендеген пациенттерде ацикловирдің парентеральді түрін вена ішіне енгізу ұсынылады. Емдеу аурудың алғашқы кезеңдерінде, алғашқы симптомдар басталған кезде басталуы тиіс. Herpes zoster емдеу кезінде бөртпе пайда болғаннан кейін жақын арада емдеудің басында жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеу бөртпе пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде басталуы тиіс. Балалар Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу және иммунитеті әлсіреген балаларда қарапайым герпес вирусын тудыратын инфекциялардың профилактикаcы 6 жастан асқан балаларда ересектердегі сияқты дозалар пайдаланылады. Желшешекті емдеу (varicella) Әдеттегі доза дене салмағының кг-на тәулігіне 4 рет 20 мг ацикловирді (800 мг артық емес) құрайды, яғни: - 6 және одан үлкен балалар: тәулігіне 4 рет 800 мг ацикловир. Емдеу 5 күн бойы жалғасуы тиіс. Herpes simplex вирусы туындатқан инфекциялардың профилактикасы және иммундыө статусы қалыпты балаларда белдемелі герпес инфекциясын емдеу туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының ықтимал нашарлауын назарға алу және ацикловир дозасын тиісінше түзету қажет («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімін қараңыз). Пациенттердің осы тобы үшін, әсіресе ацикловирдің үлкен дозаларын алатын пациенттерде сұйықтық жоғалуының орнын толтыру өте маңызды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ацикловирді сақтықпен қолдану керек. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде herpes simplex вирусы тудыратын инфекцияларды емдеу кезінде әдеттегі пероральді дозаларды қолдану ацикловирді вена ішіне енгізгенде қауіпсіз деп саналатын деңгейден жоғары жинақтауға әкелмейді. Дегенмен, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин-ден кем) бар пациенттерде 200 мг ацикловир дозасын тәулігіне 2 рет 12 сағат аралықпен түзету ұсынылады. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл /мин кем) бар пациенттерде белдемелі герпес инфекциясын емдеу кезінде тәулігіне 2 рет 12 сағат аралықпен 800 мг ацикловир дозасын және орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-нан 25 мл/мин дейін) бар пациенттерде тәулігіне 3 рет 8 сағат аралықпен 800 мг ацикловирге дейін түзету ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.