+39 бонус

АЦИКЛОВИР АВЕКСИМА 400мг №20 таб

780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ОАО Авексима
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 420.0 мг ацикловир (400.0 мг сусыз затқа шаққанда), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон К-25, натрий карбоксиметилкрахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
- біріншілік және қайталамалы генитальді герпесті қоса, қарапайым герпес вирусы туғызған терінің және шырышты қабықтардың инфекцияларын емдеу; - иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы; - иммундық тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар профилактикасы; - желшешек және белдемелі герпесті емдеу (белдемелі герпесті ацикловирмен ерте емдеу анальгезиялық әсер көрсетеді және герпестен кейінгі невралгияның туындау жиілігін төмендете алады).
Қарсы көрсетілімдер
- ацикловирге немесе валацикловирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық; - 6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектерде қолдану Қарапайым герпес вирусы туғызған инфекцияларды емдеу Қарапайым герпес вирусы туғызған инфекцияларды емдеуге ұсынылатын препарат дозасы тәулігіне 5 рет 200 мг құрайды (түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда, әр 4 сағат сайын). Айқын иммундық тапшылық жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңудің бұзылуында препарат дозасын 400 мг дейін арттыруға болады. Балама ретінде ацикловирді инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат дәрілік түрінде қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Емдеуді инфекцияның пайда болуынан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау қажет; қайталануларда препаратты продромальді кезеңде немесе бөртпенің алғашқы элементтері пайда болғанда тағайындау ұсынылады. Иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы Қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасында иммундық статусы қалыпты пациенттерде ұсынылатын препарат дозасы тәулігіне 4 рет 200 мг (әр 6 сағат сайын) құрайды. Көптеген пациенттерге тәулігіне 2 рет 400 мг (әр 12 сағат сайын) дозамен қолайлы емдеу сызбасы сай келеді. Бірқатар жағдайларда препараттың төменірек дозалары тиімді – тәулігіне 3 рет 200 мг (әр 8 сағат сайын) немесе тәулігіне 2 рет 200 мг (әр 12 сағат сайын). Кейбір пациенттерде 800 мг жиынтық тәуліктік дозаны қабылдағанда инфекцияның өршуі болуы мүмкін. Ауру ағымының болжамды өзгерістерін анықтау үшін препаратпен емдеуде мезгіл-мезгіл 6-12 ай үзіліс жасау керек. Иммундық тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар профилактикасы Қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар профилактикасында иммунитет тапшылығы бар пациенттерде ұсынылатын препарат дозасы тәулігіне 4 рет 200 мг (әр 6 сағат сайын) құрайды. Айқын иммундық тапшылық жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңудің бұзылуында препарат дозасын 400 мг дейін арттыруға болады. Балама ретінде ацикловирді инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат дәрілік түрінде қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Желшешек және белдемелі герпесті емдеу Желшешек және белдемелі герпесті емдеуге ұсынылатын препарат дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг құрайды (түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда, әр 4 сағат сайын). Белдемелі герпесті емдеуді ауру алғаш көрініс берген сәттен бастап мүмкіндігінше ерте бастау керек, өйткені осы жағдайда емдеу тиімдірек болады. Иммундық статусы қалыпты пациенттерде желшешекті емдеуді бөрту пайда болған сәттен 24 сағат ішінде бастау керек. Иммундық тапшылығы ауыр пациенттерде (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңу бұзылуында ацикловирді инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат дәрілік түрінде тағайындау мүмкіндігін қарастыру қажет. 6 жастан бастап және одан үлкен балаларда қолдану Иммундық тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекцияларды емдеу; қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар профилактикасы - 6 жастан бастап және одан үлкендер – ересектердегі сияқты дозалары. Желшешекті емдеу - 6 жастан бастап және одан үлкендер – тәулігіне 4 рет 800 мг; Дәлірек дозасын тәулігіне 4 рет 20 мг/кг дене салмағы есебінен белгілеуге болады (бірақ 800 мг-ден көп емес). Иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы: белдемелі герпесті емдеу Дозалау режимі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттерде қолдану Егде жастағы пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің болу ықтималдығын ескеру қажет, доза бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс («Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер» қосалқы бөлімін қараңыз). Талапқа сай су теңгерімінің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Препарат бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тағайындалғанда сақ болу қажет. Талапқа сай су теңгерімінің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекцияларды емдеу және профилактикасы мақсатында ұсынылған дозаларда ацикловирді ішке қабылдау препараттың белгіленген қауіпсіз деңгейлерінен асып кететін концентрацияларына дейін жиналуына әкелмейді. Алайда, креатинин клиренсі 10 мл/минуттан аз пациенттерде препарат дозасын тәулігіне 2 рет 200 мг (әр 12 сағат сайын) дейін төмендету ұсынылады. Желшешек және белдемелі герпесті емдеуде ұсынылатын препарат дозалары: - 10 мл/минуттан аз креатинин клиренсінде – тәулігіне 2 рет 800 мг (әр 12 сағат сайын); - 10-25 мл/мин креатинин клиренсінде – тәулігіне 3 рет 800 мг (әр 8 сағат сайын). Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды толық бір стақан сумен іше отырып, ішке қабылдау керек. Қабылдау уақытының көрсетілуміен қолдану жиілігі Ацикловир таблеткаларын ас ішу кезінде қолдануға болады, өйткені ас ішу сіңірілуінің елеулі дәрежеде бұзылуына себеп болмайды. Емдеу ұзақтығы Ересектерде қолдану Қарапайым герпес вирусы туғызған инфекцияларды емдеу Емдеу курсы – 5 күн, бірақ біріншілік ауыр инфекциялар кезінде ұзартуға болады. Иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар және иммундық тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар қайталануының профилактикасы Профилактикалық емдеу курсының ұзақтығы инфекция жұқтыру қаупі болатын кезең ұзақтығына қарай белгіленеді. Ауру ағымының болжамды өзгерістерін анықтау үшін препаратпен емдеуді мезгіл-мезгіл 6-12 айға тоқтата тұру қажет. Желшешек және белдемелі герпесті емдеу Емдеу курсы – 7 күн. 6 жастан бастап және одан үлкен балаларда қолдану Иммундық тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекцияларды емдеу; қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялар профилактикасы Емдеу курсы – 5 күн, бірақ біріншілік ауыр инфекциялар кезінде ұзартуға болады. Желшешекті емдеу Емдеу курсы – 5 күн. Иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туғызған инфекциялардың қайталану профилактикасы: белдемелі герпесті емдеу Деректер жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.