+532 бонус

АЦИКЛОСТАД 800 мг №35 таб

10650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Штада Арцнаймиттель АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ацикловир, 800 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), коповидон, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Ациклостад®, 800 мг таблеткалар дәрілік препараты ересектер мен 6 жастан асқан балаларға арналған желшешек және белдемелі герпестін емдеу (жаңа туған нәрестелердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларын және иммун тапшылығы бар балалардағы қарапайым герпес вирусынан туындаған ауыр инфекцияларды қоспағанда)
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, валацикловирге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектер Желшешек пен белдемелі герпестін емдеу Ұсынылатын доза тәулігіне 5 рет 800 мг ацикловир (Ациклостад®, 800 мг таблеткаларының 1 таблеткасы) құрайды; препарат түнгі уақыт қоспағанда, әр 4 сағат сайын қабылданады. Емдеу курсы 7 күнді құрайды. Ауыр иммун тапшылығы пациенттерді емдеу үшін (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектің сіңуі нашарлаған жағдайда ацикловирді вена ішіне енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн. Емдеуді инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау керек. Белдемелі теміреткіні емдеуді бөртпе пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте басталса, тиімдірек болады. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Желшешекті емдеу 6 жастан асқан балаларда ұсынылатын доза тәулігіне 4 рет 800 мг ацикловир (Ациклостад®, 800 мг таблеткаларының 1 таблеткасы) құрайды. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Иммундық мәртебесі қалыпты балалардағы белдемелі герпестін емдеу Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда дозаны түзету қажеттілігін қарастыру керек. Ацикловирдің жоғары дозаларын қабылдаған егде жастағы пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы төмен пациенттерде ацикловирді тағыйындаған кезде сақтық танытқан ұсынылады. Пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Желшешек пен белдемелі герпестін емдеу кезінде ацикловирдің ұсынылатын дозалары: ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз) – тәулігіне 2 рет, әр 12 сағат сайын 800 мг; орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-25 мл/мин) – тәулігіне 3 рет, әр 8 сағат сайын 800 мг. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды ас ішкеннен кейін, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдайды. Балаларға арналған таблеткаларды қабылдауды жеңілдету үшін таблеткаларды суда ерітуге немесе ұсақтауға болады. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар Симптомдары: ацикловир асқазан-ішек жолында ішінара ғана сіңеді. Ацикловирдің 20 г дейінгі ішіне кездейсоқ бір реттік дозалары қабылданғанда, токсикалық әсерлері тіркелмеген. Дозалардың ішіне бірнеше рет қабылдаған кезде ұсынылған мөлшерден асып кетсе, бірнеше күн бойы асқазан-ішек жолы (жүрек айну, құсу сияқты) және жүйке жүйесі тарапынан бұзылылары (бас ауруы, сананың шатасуы) байқалды. Емі: симптоматикалық; интоксикация симптомдарын анықтау мақсатында, мұқият медициналық бақылау керек. Ацикловир организмнен гемодиализ арқылы шығарылады, сондықтан интоксикация симптомдары пайда болса, гемодиализді қолданылуы мүмкін. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі бас ауыруы, бас айналуы жүрек айнуы, құсу, диарея және абдоминальді ауруы қышу, бөртпе, соның ішінде фотосенсибилизация қажу, қызба Жиі емес есекжем, тез диффуздық шаштың түсуі. Тез диффуздық шаштың әр түрлі ауруларда және көптеген дәрілермен терапия кезінде байқалатындықтан, оның ацикловир қабылдауымен байланысы анықталмаған. Сирек анафилаксия ентігу билирубин және бауыр ферменттерінің қайтымды жоғарылауы ангионевроздық ісінуі қан мочевина және креатинин концентрациясының жоғарылауы Өте сирек анемия, лейкопения, тромбоцитопения қозу, сананың шатасуы, діріл, атаксия, дизартрия, елестеулер, психоздық симптомдар, құрысулар, ұйқышылдық, энцефалопатия, кома. Әдетте бұл жағымсыз әсерлер қайтымды болды және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе басқа қоздырушы факторлардың қатысуымен байқалды. гепатит, сарғаю бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйрек ауруы. Бүйрек ауруы бүйрек жеткіліксіздігімен және кристаллуриямен байланысты болуы мүмкін. Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз реакциялардың кез келгені күшейсе немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа реакциялар байқалса, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.