Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – ацикловир, 400 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), коповидон, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Дозасы
Ересектер
Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттерде немесе ішектің сіңуі нашарлаған жағдайда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың емдеу
Ауыр иммунитет тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңуінің нашарлауы кезінде дозаны, түнгі уақыт қоспағанда, тәулігіне 5 рет 400 мг (Ациклостад®, таблеткаларының 400 мг 1 таблеткасы) құрайды. Әдетте емдеу курсы 5 күнді құрайды, бірақ ауыр инфекциялар кезінде оны ұзартуға болады.
Бұл пациенттерде вена ішіне ацикловир енгізуді де қарастыруға болады.
Емдеуді инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау керек; қайталану болған кезде препаратты продромальды кезеңде немесе бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған кезде тағайындау ұсынылады.
Иммундық мәртебесі қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларыдың қайталануын профилактикасы
Ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет Ациклостад®, 400 мг таблеткаларының 1 таблеткасы (әр 12 сағат сайын) құрайды.
Кейбір жағдайларда басқа дозалау режимі тиімді болуы мүмкін, ол үшін ацикловир препараттарын 200 мг дозада қолдану ұсынылады (мысалы, Ациклостад®, 200 мг таблеткалары): тәулігіне 4 рет 200 мг (әр 6 сағат сайын) немесе тәулігіне 3 рет 200 мг (әр 8 сағат сайын), немесе тәулігіне 2 рет 200 мг (әр 12 сағат сайын).
Кейбір пациенттерде инфекцияның үзілуі жалпы тәуліктік дозасы 800 мг қабылдағанда болуы мүмкін.
Аурудың мүмкін болатын өзгерістерін анықтау үшін емдеуді 6-12 айға мезгіл-мезгіл үзіп тұру керек.
Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттерде немесе ішектің сіңуі нашарлаған жағдайда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларыдың профилактикасы
Ауыр иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектің сіңуі нашарлаған жағдайда ацикловирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет 400 мг (Ациклостад®, 400 мг таблеткаларының 1 таблеткасы) құрайды.
Бұл пациенттерде вена ішіне ацикловир енгізуді де қарастыруға болады.
Терапияның профилактикалық курсының ұзақтығы инфекция қаупі бар кезеңнің ұзақтығымен анықталады.
Желшешек пен белдемелі герпестін емдеу
Ұсынылатын доза тәулігіне 5 рет 800 мг ацикловир (Ациклостад®, 400 мг таблеткаларының 2 таблеткасы) құрайды; препарат түнгі уақыт қоспағанда, әр 4 сағат сайын қабылданады. Емдеу курсы 7 күнді құрайды.
Ауыр иммун тапшылығы пациенттерді емдеу үшін (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектің сіңуі нашарлаған жағдайда ацикловирді вена ішіне енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.
Емдеуді инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау керек. Белдемелі теміреткіні емдеуді бөртпе пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте басталса, тиімдірек болады. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Ауыр иммун тапшылығы бар балаларда немесе ішектің сіңуі нашарлаған жағдайда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың емдеу
6 жастан асқан балаларға ересектерге арналған дозалар тағайындайды.
Герпес вирусынан туындаған жаңа туған инфекциялардың емдеу үшін ацикловирді вена ішіне енгізу ұсынылады.
Желшешекті емдеу
6 жастан асқан балаларда ұсынылатын доза тәулігіне 4 рет 800 мг ацикловир (Ациклостад®, 400 мг таблеткаларының 2 таблеткасы) құрайды. Емдеу курсы 5 күнді құрайды.
Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың қайталануының профилактикасы және иммундық мәртебесі қалыпты балалардағы белдемелі герпестін емдеу
Деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда дозаны түзету қажеттілігін қарастыру керек. Ацикловирдің жоғары дозаларын қабылдаған егде жастағы пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы төмен пациенттерде ацикловирді тағыйындаған кезде сақтық танытқан ұсынылады. Пациенттер сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеуге және профилактикаға арналған ұсынылған дозада ацикловирді ішіне қабылдауы препараттың белгіленген қауіпсіз деңгейден асып кетуіне концентрациясына дейін жиналуына әкелмейді. Алайда, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз), дозаны тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) 200 мг дейін төмендету ұсынылады.
Желшешек пен белдемелі герпестін емдеу кезінде ацикловирдің ұсынылатын дозалары:
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз) – тәулігіне 2 рет, әр 12 сағат сайын 800 мг;
орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-25 мл/мин) – тәулігіне 3 рет, әр 8 сағат сайын 800 мг.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды ас ішкеннен кейін, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдайды. Балаларға арналған таблеткаларды қабылдауды жеңілдету үшін таблеткаларды суда ерітуге немесе ұсақтауға болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Симптомдары: ацикловир асқазан-ішек жолында ішінара ғана сіңеді. Ацикловирдің 20 г дейінгі ішіне кездейсоқ бір реттік дозалары қабылданғанда, токсикалық әсерлері тіркелмеген. Дозалардың ішіне бірнеше рет қабылдаған кезде ұсынылған мөлшерден асып кетсе, бірнеше күн бойы асқазан-ішек жолы (жүрек айну, құсу сияқты) және жүйке жүйесі тарапынан бұзылылары (бас ауруы, сананың шатасуы) байқалды.
Емі: симптоматикалық; интоксикация симптомдарын анықтау мақсатында, мұқият медициналық бақылау керек. Ацикловир организмнен гемодиализ арқылы шығарылады, сондықтан интоксикация симптомдары пайда болса, гемодиализді қолданылуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі
бас ауыруы, бас айналуы
жүрек айнуы, құсу, диарея және абдоминальді ауруы
қышу, тері бөртпесі, соның ішінде фотосенсибилизация
қажу, қызба
Жиі емес
есекжем, тез диффуздық шаштың түсуі. Тез диффуздық шаштың әр түрлі ауруларда және көптеген дәрілермен терапия кезінде байқалатындықтан, оның ацикловир қабылдауымен байланысы анықталмаған.
Сирек
анафилаксия
ентігу
билирубин және бауыр ферменттерінің қайтымды жоғарылауы
ангионевроздық ісінуі
қан мочевина және креатинин концентрациясының жоғарылауы
Өте сирек
анемия, лейкопения, тромбоцитопения
қозу, сананың шатасуы, діріл, атаксия, дизартрия, елестеулер, психоздық симптомдар, құрысулар, ұйқышылдық, энцефалопатия, кома. Әдетте бұл жағымсыз әсерлер қайтымды болды және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе басқа қоздырушы факторлардың қатысуымен байқалды.
гепатит, сарғаю
бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйрек ауруы. Бүйрек ауруы бүйрек жеткіліксіздігімен және кристаллуриямен байланысты болуы мүмкін.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз реакциялардың кез келгені күшейсе немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа реакциялар байқалса, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.