+10 бонус

АЦЕТИЛСАЛИЦИЛОВАЯ КИСЛОТА 500 мг №10 таб Ирбит

200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Ирбитский ХФЗ ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: ацетилсалицил қышқылы –500 мг, қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, картоп крахмалы, тальк, натрий карбоксиметилкрахмалы (натрий крахмал гликоляты).
Қолданылуы
- орташа немесе әлсіз білінетін ауыру синдромын симптоматикалық емдеуде; - суық тию және басқа инфекциялық-қабыну аурулары кезінде дене температурасының жоғарылауы.
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилсалицил қышқылына, басқа да салицилатқа немесе препараттың қосымша заттарының біріне аса жоғары сезімталдық; - асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы (өршу сатысында); - геморрагиялық диатездер, геморрагияларға бейімділік, жоғары қанағыштық, қан ұюының бұзылуы (телеангиоэктазия, тромбоцитопениялық пурпура, гемофилия, Виллебранд ауруы, гипопротромбинемия, К дәрумені тапшылығы, тромбоцитопения); - «аспириндік триада»: бронх демікпесі, мұрын мен мұрын маңы қойнауларының  қайталанған полипозы және ацетилсалицил қышқылының жақпаушылығының бірігуі; - жүректің жедел жеткіліксіздігі; - бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі; - метотрексатты аптасына 15 мг және одан көп дозада қабылдау; - жүктіліктің соңғы триместрі; - бала емізу кезеңі; - глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы; - қызбада және жедел вирустық инфекцияларда 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды
Дозасы
12 жастан үлкен балаларға: бір реттік доза 500 мг (1 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза 1500 мг көп емес (3 таблеткадан аспайды) құрайды. Жасөспірімдер мен ересектер: бір реттік доза – 500-1000 мг (1-2 таблетка), ең жоғары бір реттік доза – 1000 мг (500 мг-ден 2 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза – 1500-3000 мг ацетилсалицил қышқылы (3-6 таблетка). Қажет болған жағдайда бір реттік дозаны 4-8 сағат аралықпен тәулігіне 3 реттен артық емес бір таблеткадан қабылдауға болады. Ең жоғары тәуліктік дозадан асып кетуге жол берілмейді. Дәрігердің кеңесінсіз ацетилсалицил қышқылын қабылдау ұзақтығы  4 күннен аспауы керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Препаратты тамақтан кейін, сумен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.