+37 бонус

АЦЕМЕД 100 мг №10 пак

9:00-ден кейін қолжетімді
755 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Иностранное производственное унитарное предприятие «Мед-интерпласт»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір пакеттің ішінде: белсенді зат - 100 мг немесе 200 мг, немесе , 600 мг ацетилцистеин. қосымша заттар: аскорбин қышқылы 12,5 мг немесе 25,0 мг немесе 75,0 мг, аспартам 40,0 мг, «Апельсин» хош иістендіргіші 65,0 мг , қант 5000 мг дейін.
Қолданылуы
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде) сияқты қақырықпен қиын шығарылатын қою бөліністердің пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилцистеинге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы - фенилкетонурия - фруктоза жақпаушылығы, мысалы, фруктоза-1,6-дифосфатазаның тұқым қуалайтын тапшылығы - сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі (құрамында қант болғандықтан) - 2 жасқа дейінгі балалар – 600 мг доза үшін 12 жасқа дейінгі балаларда (муковисцидоз кезінде – 6 жасқа дейін).
Дозасы
Дозалану режимі Жедел аурулардағы стандартты дозасы: 2 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалар: күніне 3 рет 100 мг-ден. 6 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 200 мг-ден. 12 жастан үлкен балаларға және ересектерге: бір немесе бірнеше қабылдауға күніне 600 мг -ден (мысалы, күніне 3 рет 200 мг-ден). Арнайы дозалануы Ұзақ мерзімдік ем: күніне 400-600 мг, бір немесе бірнеше қабылдауға, емнің ең жоғары ұзақтығы 3 айдан бастап 6 айға дейінді құрайды. Препаратты 2 апта қабылдағаннан кейін жөтел қақырықтың көп бөлінуімен жалғасқан жағдайында диагнозды нақтылау және тыныс алу жолдарының ықтимал қатерлі аурулары бар-жоғын анықтау үшін дәрігерге қаралу керек. Муковисцидоз: жоғарыда көрсетілген доза, алайда, 6 жастан асқан балалар үшін - күніне 3 рет 200 мг немесе күніне бір рет бір қабылдауға 600 мг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.