+105 бонус

АЦЕКЛОРАН 100 мг №20

2110 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацеклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг ацеклофенак, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы қабығының құрамы: гипромеллоза 2910, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
- Остеоартритте, ревматоидтық артритте және шорбуынданатын спондилоартритте және ауырсынумен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының басқа да ауруларында (мысалы, иық-жауырын периартриті және ревматизмнің буыннан тыс басқа көріністері). - Әртүрлі этиологиядағы ауырсынуды жою үшін (белдің, тістің ауыруы және бастапқы дисменорея сияқты).
Қарсы көрсетілімдер
- ацеклофенакқа немесе 6.1 бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ұқсас әсер ету механизмі бар заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттар - ҚҚСП) туындатқан демікпе, бронх түйілуі, жедел ринит немесе есекжем ұстамалары немесе осы заттарға аса жоғары сезімталдық болса; - анамнезінде ҚҚСП қабылдағаннан қан кету немесе асқазан-ішек жолының тесілу жағдайларының болуы. Анамнезінде асқазанның немесе он екі елі ішектің жедел, қайталанатын немесе ықтимал ойық жарасы немесе қан кету (ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп айқын және дәлелденген эпизодтары); - жедел қан кету немесе қан кетумен бірге жүретін аурулар немесе қан ұюдың бұзылулары (гемофилия); - жүректің диагностикаланған іркілістік жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиология қауымдастығының (NYHA) шкаласы бойынша II-IV дәреже), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе ми қанайналымының бұзылулары; - бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары; - жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі. - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын ең жоғары дозасы күніне 100 мг-ден екі бөлек  (таңертең бір таблетка және біреуі кешке) қабылданатын 200 мг құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Препарат ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.