+144 бонус

АЦЦ ЮНИОР 100 мл р-р для детей

2880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Гексал АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Ішуге арналған 1 мл ерітінді құрамында белсенді зат – 20 мг ацетилцистеин, қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, натрий бензоаты, динатрий эдетаты, натрий сахарині, натрий кармеллозасы, 10 % натрий гидроксиді ерітіндісі, шие хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Суық тиюден туындаған бронхит кезінде қақырықты сұйылту және қақырық түсіруді жеңілдету үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилцистеинге, метилпарагидроксибензоатқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы - 2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
AЦЦ® юниор препараты тамақтанудан кейін ішуге арналған ерітінді болып табылады. АЦЦ® юниор препараты қаптамада болатын өлшеуіш шприцтің көмегімен қабылданады. 10 мл ерітінді толтырылған 2 өлшеуіш шприцке сәйкес келеді. 2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар: 5 мл ерітіндіден (100 мг) күніне 2 рет (тәулігіне 200 мг ацетилцистеинге сәйкес). 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар: 10 мл ерітіндіден (200 мг) күніне 2 рет (тәулігіне 400 мг ацетилцистеинге сәйкес). 14 жастан асқан балалар мен ересектер: 10 мл ерітіндіден (200 мг) күніне 3 рет (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес). 10 мл ішуге арналған ерітінді 2 өлшеуіш шприцке сәйкес келеді. Муковисцидоз: 6 жастан асқан балалар үшін күніне бір рет 10 мл ерітінді (200 мг) бір мезгілде (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес). Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша). Өлшеуіш шприцті пайдалану: Құтының қақпағын үстінен басып қалып, сағат тіліне қарсы бұрап ашыңыз. Шприцтен саңылауы бар тығынды алыңыз және оны құтының мойнына салып, түбіне дейін басыңыз. Тығын шприцті құтымен біріктіруге арналған және құтының мойнында қалады. Шприцті тығынға нығыздап қойыңыз. Құтының түбін жоғары қаратып абайлап төңкеріңіз де, шприц поршенін төмен тартыңыз және ерітіндінің қажетті миллилитр мөлшерін толтырып алыңыз. Егер ерітіндіде ауа көпіршіктері көрінсе, поршеньді түбіне дейін басыңыз да, содан соң шприцті қайтадан толтырыңыз. Құтына бастапқы қалпына келтіріп, шприцті суырып алыңыз. Шприцтегі ерітіндіні қасыққа немесе бірден баланың аузына құю керек (ұрт аумағына, бала ерітіндіні тиісінше жұта алатындай баяу), ерітінді қабылдағанда бала тік қалпында болуы тиіс (отырған/тұрған күйде). Пайдаланғаннан кейін шприцті таза сумен жуып-шайыңыз. Құрамында күкірт бар иістің болуы АЦЦ® юниор препаратының өзгеруін көрсетпейді, бірақ ондағы ацетилцистеин белсенді затының мазмұнымен байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.