АЦЦ Хот Дринк 3 гр №6 пак

2935 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Сандоз Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 пакеттің ішінде (3 г ұнтақ) белсенді зат - ацетилцистеин 600 мг, қосымша заттар: сахароза, аскорбин қышқылы, натрий сахарині, «Лимон» хош иістендіргіші, «Бал» хош иістендіргіші
Қолданылуы
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз сияқты қиын шығарылатын қақырықтың түзілуіне әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары (қосымша ем ретінде).
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы - фенилкетонурия - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 12 жасқа дейінгі балалар, муковисцидозы бар 6 жасқа дейінгі балалар - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
АЦЦ® Хот Дринк препараты ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ болып табылады. Тәулігіне 1 рет 1 пакет ұнтақтан (600 мг) (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді). Муковисцидоз: 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 1 пакеттен. Ерітіндіні дайындау: Пакет ішіндегісін (600 мг) бір стақан ыстық суда ерітеді, араластырады, ыстық күйінде ішке қабылдайды. Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.