+274 бонус

АЦЦ 200 мг пор. д/приг. р-ра для приёма внутрь №50 пак

5485 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Гексал АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 пакеттің ішінде 3 г ұнтақ бар белсенді зат - ацетилцистеин 200.00 мг қосымша заттар: сахароза, аскорбин қышқылы, сахарин, құрғақ апельсин хош иістендіргіші** (**- Апельсин хош иістендіргіші эссенциясы 11.1%, декстроза ангидриді 82.7%, лактоза 6.2%)
Қолданылуы
Бөлінуі қиын қақырықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары: - жедел және созылмалы бронхит - ларингит, синусит, трахеит - тұмау - бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде).
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы - фенилкетонурия - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 2 жасқа дейінгі балалар - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
АЦЦ® 200 препараты ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ болып келеді. 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар: Тәулігіне 2 рет ½ пакет ұнтақтан (100 мг) (тәулігіне 200 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді). 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: Тәулігіне 2 рет 1 пакет ұнтақтан (200 мг) (тәулігіне 400 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді). 12 жастан асқан балалар мен ересектер: Тәулігіне 3 рет 1 пакет ұнтақтан (200 мг) немесе тәулігіне 1 рет бір уақытта 600 мг (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді). Муковисцидоз: 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 200 мг 3 пакет бір мезгілде (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес). Жедел аурулар кезіндегі емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдегенде – дәрігердің ұсынымы бойынша қолданылады. Ерітіндіні дайындау: 1 пакет ұнтақты (200 мг) бір стақан суық немесе жылы суда еріту керек, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.