+76 бонус

АЦЦ 200 мг №20 таб шип

1520 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилцистеин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: Гексал АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Көпіршитін бір таблетканың құрамында белсенді зат – 200 мг ацетилцистеин, қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, маннитол, сусыз лактоза, аскорбин қышқылы, натрий цитраты, натрий сахарині, «В» қара бүлдірген хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз сияқты қиын шығарылатын қақырықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының аурулары (қосымша ем ретінде).
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - Lapp лактаза ферменті тапшылығы - глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
2-ден 6 жасқа дейінгі балалар 1 көпіршитін таблеткадан (200 мг) тәулігіне 1 рет (тәулігіне 200 мг ацетилцистеинге сәйкес). 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар 1 көпіршитін таблеткадан (200 мг) тәулігіне 2 рет  (тәулігіне 400 мг  ацетилцистеинге сәйкес). 12 жастан асқан балалар мен ересектер: 1 көпіршитін таблеткадан (200 мг) тәулігіне 3 рет  (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес). Муковисцидоз: 6 жастан асқан балаларға күніне 1 рет 200 мг бір мезгілде 3 көпіршитін таблетка (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес). Ерітіндіні дайындау Көпіршитін таблеткаларды (200 мг) бір стақан суда алдын ала ерітеді, ішке қабылдайды. Таблеткаларды алғаннан кейін контейнерді тығыздап жабыңыз! Емдеу ұзақтығы Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.