+86 бонус

АБС МАСЛО 50 мл Комплекс

1720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Алатау-Фарм ТОО
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 100 мл майлы сығынды, грамында белсенді заттар: Кезбе пармелия қатпарлары 4,000 Кәдімгі зере жемісі 2,500 Жапондық есек мия жемісі 1,600 Үштармақты итошаған шөбі 1,500 Дәрілік қанды шөп тамырсабағы мен тамыры 1,500 Түзу қазтабан тамырсабағы 1,250 Батпақ иірінің тамырсабағы 1,250 Сүйекті аққурай жемісі 0,500 Шыбық тәрізді эвкалипт жапырағы 0,400 Кәдімгі шәңкіш қабығы 0,300 Құс самалдық (самалдық) шөбі 0,250 Үлкен жолжелкен жапырағы 0,250 Кәдімгі қара жидек жемісі 0,230 Өгейшөп жапырағы 0,200 Жалаң мия тамыры 0,150 Грек жаңғағы жемісі 0,150 Үлпек қайың бүршіктері 0,125 Кәдімгі зығыр тұқымы 0,125 Қоңыр итмұрын жемісі 0,125 Дәрілік түйежоңышқа шөбі 0,100 Үлкен сүйелшөп шөбі 0,100 Үлкен амми жемісі 0,075 Кәдімгі емен қабығы 0,075 Кәдімгі арша жемісі 0,055 Бұрыш жалбыз жапырағы 0,040 Дәрілік сәлбен жапырағы 0,00 Қандыағаш жемісшесі 0,020 Егістік ботташық жемісі 0,020 Қосымша зат Күнбағыс майы 100,0-ге дейін
Қолданылуы
Кешенді емнің құрамында созылмалы тонзиллитте, ларингитте, ринитте, трахеитте тыныс алу жолдары ауруларында (жедел және созылмалы бронхит) асқазан-ішек жолы ауруларында (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, колит, энтероколит, проктит, геморрой) гинекологиялық ауруларда (жатыр мойнының эрозиясы, кольпиттер, эндоцервициттер) простатитте терінің зақымданулары (термиялық және химиялық күйіктер, тесілулер, тері мен шырышты қабықтың сәулелік зақымданулары, ауырлық дәрежесі әр түрлі үсулер, баяу жазылатын жаралар мен ойық жаралар, оның ішінде жұқтырғандар) стоматологиялық ауруларда (стоматиттер, гингивиттер, хейлиттер, парадонтиттер)
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Жоғарғы тыныс жолдары аурулары кезінде: шаю түрінде немесе тамақтануға дейін 30 мин бұрын ішке 1 шай қасықтан күніне 3 рет, ринит кезінде АБС майына малынған турунданы қабықтан тазартылған мұрынның шырышты қабығына 20-30 минутқа енгізеді немесе мұрын мен мұрын-жұтқыншаққа күніне 2 рет тамызады. Емдеу курсы 5-6 күн. Асқазан-ішек жолы аурулары Ішке, тамақтануға дейін 40-60 минут бұрын 1 десерт қасықтан күніне 3 рет. Емдеу курсы екі апта. Проктит, геморрой кезінде: ішекті алдын ала тазартқаннан кейін, АБС майын микроклизмаларда 15 -25 мл-ден тәулігіне 2 рет енгізеді. Анус сызаттары мен эрозиялары кезінде апта бойы күніне 3-4 рет майды күнделікті жағу керек. Термиялық және химиялық күйіктерді, тесілулер, тері мен шырышты қабықтың сәулелік зақымданулары, тері жабындары тұтастығы бұзылған ауырлық дәрежесі әр түрлі үсулер кезінде. Өңезден тазартылған беткейге майды жағып, үстіне дәке таңғышты салады, оны жара жазылғанша күнделікті ауыстырып отырады. Термиялық және химиялық күйіктерді, ауырлық дәрежесі әр түрлі үсулерді, жараларды, сыдыруларды емдеу үшін. АБС майы терінің зақымданған беткейіне жағылады, сіңу шамасына қарап, қайталап жағады. Емдеу ашық әдіспен, зақымдану дәрежесіне қарай, 2-4 апта бойы жүргізіледі. Көмей, жұтқыншақ, асқазан обырын сәулемен емдеу кезінде ½ шай қасықтан күніне 3-4 рет тамақтан кейін бүкіл сәулемен емдеу курсы бойы және 2 апталық сәулелік ем аяқталғаннан кейін. Гинекологиялық ауруларда Қынап пен жатыр мойны шырышты қабығын фурацилинмен өңдегеннен кейін, АБС емдік майы сіңірілген тампон енгізіледі. Емдеу курсы 1-2 апта. Стоматологиялық аурулар (стоматиттер, гингивиттер, хейлиттер, парадонтиттер) Ауыз шырышты қабығына аппликация түрінде күніне 3-4 рет. Емдеу курсы 7-10 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.