+240 бонус

ТРАМИН 500 мг №20 капс

4800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Транексамовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Хилтон Фарма (Пвт.) Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – транексам қышқылы 500 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, магний стеараты Капсуланың құрамы "0" желатинді капсула: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы Е171, натрий лаурилсульфаты, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бриллиантты көк Е133, хинолинді сары Е104, азорубин Е122
Қолданылуы
Фибринолиз немесе фибриногенолиздің жоғарылауы кезінде қан кету немесе қан кету қаупі үшін қысқа мерзімді қолдану. Келесі жағдайларда кездесетін жергілікті фибринолиз: - простатэктомия және қуыққа операциялар жасалғанда - меноррагия - мұрыннан қан кету - жатыр мойнының конизациясы - жарақаттық гифема (көздің алдыңғы камерасына қан кету) - тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну - гемофилиямен ауыратын науқастарда тіс экстракциясын сүйемелдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жинақталу қаупіне байланысты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - тромбоэмболиялық аурулардың белсенді түрі - анамнездегі веналар мен артериялар тромбозы - тұтыну коагулопатиясымен байланысты фибринолиздік жағдайлар - анамнездегі құрысулар
Дозасы
Жергілікті фибринолиз Ұсынылатын стандартты доза дене салмағына 15-25 мг/кг (2-3 капсула) күніне 2-3 рет. Төменде көрсетілген көрсетілімдер үшін келесі дозаларды қолдануға болады: Простатэктомия Операцияға дейін және одан кейін жоғары қауіптегі пациенттерде қан кетудің алдын алу және емдеуді инъекцияға арналған ерітіндіден бастау керек, содан кейін макроскопиялық гематурия тоқтағанша күніне 3-4 рет 2 капсуладан. Меноррагия Ұсынылатын доза күніне 3 рет 2 капсуланы құрайды. Емдеу ұзақтығы әр адамға жеке белгіленеді, бірақ 4 күннен аспауы керек. Өте көп етеккір қан кетуі кезінде дозаны арттыруға болады. Жалпы тәуліктік доза күніне 4 г аспауы керек. Етеккір қан кетуі басталғанға дейін Траминмен емдеуді бастауға болмайды. Мұрыннан қан кетулер Қайталанатын мұрыннан қан кету кезінде препарат 7 күн ішінде күніне 3 рет 2 капсуладан тағайындалады. Жатыр мойын конизациясы Күніне 3 рет 3 капсуладан. Жарақаттық гифема (көздің алдыңғы камерасына қан кету) Күніне 3 рет 2-3 капсуладан. Дозасы 25 мг/кг есебінен күніне 3 ретке негізделген. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну Кейбір пациенттер аурудың өршуі туралы біледі. Мұндай пациенттер үшін ұсынылатын емдеу бірнеше күн бойы күніне 2-3 рет 2-3 капсуладан мезгіл-мезгіл қабылдау. Қалған пациенттер емдеуді осы дозада үнемі қабылдайды. Гемофилия Гемофилиямен ауыратын пациенттерде тіс экстракциясын сүйемелдеу: әр сегіз сағат сайын 2-3 капсула (25 мг/кг). Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Венаішілік дәрілік түрге жататын клиренс бойынша деректерін экстраполяциялау арқылы бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерге пероральді дозаны кейіннен азайту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.