+112 бонус

СУМАМЕД 125 мг №6 таб

2250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Тева Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
белсенді зат - азитромицин (азитромицин дигидраты түрінде) - 125 мг, қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, гипромеллоза (метилгидроксипропил целлюлоза 15 mPas), жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты. қабықшаның құрамы: гипромеллоза (метилгидроксипропилцеллюлоза 3 mPas), индиготин лак (Е132) бояғыш, титанның қостотығы (Е171), полисорбат 80, тальк.
Қолданылуы
Сумамед® азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі жұқпалы ауруларды емдеу үшін тағайындалады: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ережелерді назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидтік және кетолидтік антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - 18 жасқа дейінгі балалар (индиготин лак бояғышының болуына байланысты (Е132) - лактация кезеңі
Дозасы
Азитромициннің жиынтық дозасы 30 мг/кг құрайды, оны үш күн бойы (10 мг/кг тәулігіне 1 рет) қабылдау қажет. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге де ересектерге арналған дозаны тағайындайды. Егде жастағы пациенттер арасында проаритмогендік жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан препаратты «пируэт» типі бойынша қарыншалық тахикардия және жүрек аритмиясының  даму қаупіне байланысты сақтықпен қолданады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты ауыр бауыр ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Азитромициннің бауыр қызметіне әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің елеусіз дисфункциясы бар пациенттерге (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны өзгерту қажеттігі жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге (ШСЖ <10 мл/мин) азитромицинді сақтықпен қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.