+237 бонус

СЕРМИОН 30 мг №30 таблеток

9:00-ден кейін қолжетімді
4740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ницерголин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Pfizer Italia S.r.l.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 30,00 мг ницерголин, қосымша заттар: кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы (Сермион® құрамында натрий бар «Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз), қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, темірдің сары тотығы (Е172), силикон.
Қолданылуы
Сермион препаратының әсер етуші заты нашарлауы немесе бұзылуы егде жастағы адамдарда байқалатын ми метаболизміне қолайлы әсер ететін қастауыш алкалоидының жартылай синтетикалық туындысы болып табылады. Бұл әсер етуші зат (ницерголин) жүйке жасушалары арасындағы импульстардың берілуіне әсер ететін әртүрлі эндогендік хабаршылардың белгілі бір байланыс аймақтарымен байланысады. Осы хабаршылардың құрамының теңгерімсіздігі бұзылулардың дамуына әкелуі мүмкін. Сермион мидың бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Сермион® мидың жасына байланысты және қан тамырлары когнитивтік бұзылыстарын симптоматикалық емдеуде демеуші ем дәрісі ретінде қолданылады. Мұндай бұзылулар келесі жағдайлар түрінде көрінуі мүмкін: назар аударудың және жадының бұзылуы зейін қоюдың бұзылуы апатия жеке гигиенаны сақтамау кенеттен шаршау немесе бас айналу әлеуметтік өзара әрекеттесудің азаюы немесе болмауы (тұйықталу, саяқтық, өзін-өзі оқшаулау). Сермион® препаратымен емдеуді бастар алдында сіздің дәрігеріңіз осы симптомдар спецификалық емдеуді талап ететін басқа да қосалқы аурулардан (емдік, психиатриялық немесе неврологиялық бейіндегі) туындамайтынына көз жеткізеді.
Қарсы көрсетілімдер
ницерголинге немесе осы дәрілік препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергияның болуы ("Қосымша мәліметтер" бөлімінде көрсетілген) және басқа да қастауыш алкалоидтары жақында өткерген миокард инфарктісі жедел қан кету ортостаздық гипотензия (тұру кезінде бас айналу немесе естен тану) ауыр брадикардия (баяу жүрек соғуы) жүктілік кезеңі және емшекпен емізу 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 1-2 таблетканы құрайды, бір таблетканы таңертең таңғы ас кезінде, ал екіншісін кешкі ас кезінде қабылдау керек. Егер дәрігер сізге тәулігіне бір ғана таблетка тағайындаса (мысалы, сізде бүйрек функциясының бұзылуы болса), оны таңертең таңғы ас кезінде қабылдаған дұрыс. Тамақтану кезінде таблеткаларды толығымен жұтып, аз мөлшерде су ішіңіз; таблеткаларды шайнауға болмайды. Препараттың толық емдік әсері 4-6 аптадан кейін ғана дамитындықтан, оны ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет. Дәрігер Сермион® препаратымен емдеуді жалғастырудың орындылығын тиісті уақыт кезеңдері арқылы, бірақ кемінде 6 айда бір рет бағалайтын болады. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Сермион 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дәрігер Cізге қажетті дозаны тағайындайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дәрігер препаратты неғұрлым төмен дозада тағайындауы мүмкін (1 таблетка). Емдеудің әсері біртіндеп артады. Бұл препарат әдетте ұзақ уақыт бойы қабылданатындықтан, емдеуші дәрігер тиісті уақыт кезеңдерінен кейін емдеуді жалғастыру керек пе, жоқ па, соны бағалайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.