+188 бонус

РОЛИНОЗ 10 мг/мл 20 мл №1 фл капли

3770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цетиризин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1мл препараттың құрамында белсенді зат – 10 мг цетиризин дигидрохлориді, қосымша заттар: глицерол 85%, пропиленгликоль, натрий сахарині, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий ацетаты тригидраты, мұзды сірке қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектер мен 2 жастан асқан балаларда Ролиноз симптоматикалық емдеу үшін көрсетілген: - маусымдық аллергиялық ринит және жыл бойы аллергиялық ринит (мұрын және көз симптомдары); - созылмалы идиопатиялық есекжем.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа, гидроксизинге және пиперазиннің басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (Шумақтық сүзіліс жылдамдығының (ШСЖ) есептік жылдамдығы кемінде 15мл/мин).
Дозасы
Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 10 мг (20 тамшы ерітінді) құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда, қазіргі деректер бойынша егде жастағы пациенттерде дозаны төмендетудің қажеті жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде цетиризинді қолдану кезіндегі тиімділік/қауіпсіздік арақатынасы туралы деректер жоқ. Препарат негізінен бүйрекпен шығарылады, сондықтан емдеудің балама әдістері қолайсыз болған жағдайда, Ролинозды дозалау режимін бүйрек функциясының жағдайына байланысты жеке таңдау керек (кестені қараңыз). Кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде Ролинозды дозалау режимдері Бүйрек функциясының жағдайы еШСЖ (мл/мин) Доза және қабылдау жиілігі Бүйректің қалыпты қызметі ≥ 90 10 мг тәулігіне 1 рет Бүйрек функциясының елеусіз айқындалған бұзылулары 60 - < 90 10 мг тәулігіне 1 рет Бүйрек функциясының орташа айқын бұзылуы 30 - < 60 5 мг тәулігіне 1 рет Бүйрек функциясының айтарлықтай айқын бұзылуы 15 - < 30 5 мг күн ара Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы (диализдегі пациенттер) < 15 Қолдану қарсы көрсетілген еШСЖ - шумақтық сүзіліс жылдамдығының есептік жылдамдығы Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Оқшауланған бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат дозасын түзету талап етілмейді; бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозалау режимін бүйрек функциясына байланысты түзету керек (кестені қараңыз). Балалар мен жасөспірімдер Ұсынылатын доза: - 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар-тәулігіне екі рет 2,5 мг (5 тамшы ерітінді); - 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар-тәулігіне екі рет 5 мг (10 тамшы ерітінді); - 12 жастан асқан жасөспірімдер-тәулігіне бір рет 10 мг (20 тамшы ерітінді). Бүйрек жеткіліксіздігі бар 2 жастан асқан балаларда дозалау режимін бүйрек функциясын, жасын және дене салмағын ескере отырып, жеке таңдау керек. Енгізу әдісі мен жолы Тамшылар ішке қабылданады. Препаратты сұйылтылмаған түрде (қасықта) немесе алдын ала сумен сұйылтып қабылдауға болады. Препаратты сұйылту кезінде, әсіресе балаларда қолданған кезде, тамшы қосылатын судың көлемі пациент бір уақытта іше алатын көлемге сәйкес келуі керек екенін ескеру керек. Сұйылтылған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.