+37 бонус

РИМАНТАДИН 50 мг №20 табл

9:00-ден кейін қолжетімді
745 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Римантадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Эйкос-Фарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – римантадин гидрохлориді - 50 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций (магний) стеараты.
Қолданылуы
ересектерде және 10 жастан асқан балаларда А типті тұмауды ерте сатысында емдеу және профилактикасында; - эпидемия кезеңінде ересектерде және 10 жастан асқан балаларда А типті тұмаудың профилактикасы үшін. Римантадин тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды. А тұмауы вирусының жекелеген серотиптеріне резистенттілік әр жылдары және әлемнің әр аймақтарында ерекшеленуі мүмкін. Тұмауды емдеуге және профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсынымдар негізінде анықталуы тиіс. Римантадинді емдеу және профилактика үшін пайдалануға қатысты шешім қабылдайтын дәрігер айналымдағы тұмау вирустары туралы ақпаратты, сондай-ақ әрбір жыл мезгілі және аймақ үшін вирустардың дәрілік затқа сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты ескеруі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
римантадин мен амантадинді қоса алғанда, адамантан тобының туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - бауырдың ауыр аурулары - бүйректің ауыр және созылмалы аурулары тиреотоксикоз жүктілік, лактация кезеңі 10 жасқа дейінгі балалар Сақтықпен - артериялық гипертензия - эпилепсия (оның ішінде анамнезде) - ми қантамырлары атеросклерозы - бауыр жеткіліксіздігі - асқазан-ішек жолы аурулары - егде жас
Дозасы
Тұмауды емдеу: Ересектер және 10 жастан асқан балалар: күніне 2 таблеткадан (100 мг) 2 рет. Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер: күніне 2 таблеткадан (100 мг) бір рет. Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды. Тұмау профилактикасында: Препаратты тұмау эпидемиясы басталған кезеңнен бастап қолдану керек. Оны тұмау эпидемиясы кезеңінде қолдану керек, бірақ 2 аптадан көп емес. Ересектер және 10 жастан асқан балалар: күніне 2 таблеткадан (100 мг) екі рет. Егде жастағы тұлғалар және асқыну қаупі жоғары пациенттер: күніне 2 таблеткадан (100 мг) бір рет. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер: Бауыр функциясының ауыр бұзылуы жағдайында препаратты қолдануға болмайды. Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауыртпалығы бар пациенттер препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу, ал қажет болған жағдайда дозаны түзету керек: күніне 100 мг бір рет. Бұл топтағы пациенттерді бақылауға алу керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы жағдайында препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауыртпалығы бар пациенттер препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу, ал қажет болған жағдайда дозаны түзету керек: күніне 100 мг бір рет. Бұл топтағы пациенттерді бақылауға алу керек. Енгізу әдісі мен жолы Римантадинді тамақтанғаннан кейін судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.