+123 бонус

ПЕНЗИМ 10000 ЕД №30 таб

2470 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мультиферменты (липаза, протеаза и т.д.)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – панкреатин (ең төмен белсенділікпен липаза 10000 ӘБ ЕФ, амилаза 7500 ӘБ ЕФ, протеаза 375 ӘБ ЕФ), қосымша заттар: коповидон (коллидон) VA 64, натрий кроскармеллозасы, силифицирленген микрокристалды целлюлоза (Просолв SMCC HD90), магний стеараты, үлбірлі қабық: Оpadry® КВ тұтқырлығы төмен ақ 310А18, тазартылған су, ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этакрилат кополимері (1:1) (30 % дисперсия) (Эудрагит L 30 D-55), триэтилцитрат (Цитрофлекс), симетикон эмульсиясы 30 %, тазартылған су. жабынды жылтырату: полиэтиленгликоль (ПЭГ 6000), тазартылған су.
Қолданылуы
- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатиттің өршу сатысында. Дегенмен, егер ас қорыту бұзылыстары сақталған болса, диета ауқымын ұлғайту кезіндегі өршудің басылу сатысында препаратты ауық-ауық қабылдауға жол беріледі. - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар - созылмалы панкреатиттің асқынуы - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: тамақтың бір қабылдауына 2-4 таблеткадан (липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ сәйкес). Енгізу әдісі және жолы ПЕНЗИМ® 10000 сұйықтықтың көп мөлшерімен ішіп, көбіне тамақтанудың ортасында тұтастай жұту керек. Қабылдаған кезде ПЕНЗИМ® 10000 тұтастай жұтылуын бақылау керек, өйткені оның тиімділігі шайнаған кезде азаяды, препарат құрамындағы ферменттер ауыз қуысында босап шыққанда соңғысының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі ПЕНЗИМ® 10000 препаратының дозасы ұйқы безі функциясы жеткіліксіздігінің ауырлығына сәйкес анықталады. Әдетте ұсынылатын дозасы тамақтануға липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ дозасы болып табылады, бірақ арттырылуы да мүмкін. ПЕНЗИМ 10000 препаратымен емдеудің мақсаты қалыпты дене салмағына жету немесе демеу және дефекация жиілігін немесе нәжіс консистенциясын қалпына келтіру. Дозаны ұлғайту тек дәрігердің бақылауымен және симптомдар (мысалы, стеаторея, асқазанның ауыруы) айқындылығын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс. Дене салмағының килограмына липазаның 15000 - 20000 ӘБ ЕФ құрайтын күнделікті ферменттердің дозасын арттыруға болмайды. Майлардың жеткілікті сіңуіне қажетті дозаны, әсіресе муковисцидозы бар пациенттерде тамақтың мөлшері мен құрамын ескере отырып, ферменттер дозасын арттырмаған жөн. Емдеу ұзақтығы ПЕНЗИМ® 10000 препаратын қолдану ұзақтығы шектелмеген. Ол аурудың ағымына байланысты болады және емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.