+1134 бонус

ОФЛОМИЛ Лак для ногтей 5% 5 мл

22680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аморолфин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 55,70 мг аморолфин гидрохлориді (50,00 мг аморолфинге баламалы), қосымша заттар: триацетин (глицерол триацетаты), аммоний метакрилат сополимері (А типі) (Eudragit RL 100), этилацетат, бутилацетат, этанол.
Қолданылуы
- дерматофиттерден, зеңдерден және өңезден туындаған онихомикоздар.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Қолдану бойынша ұсынымдар Сыртқа. Зақымданған саусақтардың немесе бақайлардың тырнақтарына аптасына 1 рет былай жағыңыз: Препаратты қолдануға дейін мүмкіндігінше тырнақтың зардап шеккен бөліктерін (әсіресе оның беткейін) қоса берілген тырнақ егеуішінің көмегімен алып тастаңыз. 2. Кейін тырнақтың беткейін қоса берілген спиртті тампонының көмегімен тазалаңыз және майсыздандырыңыз. Препаратты әр қолдану алдында зақымданған тырнақты егеуішпен өңдеу және лактың қалған қабатын спиртті тампонмен кетіру қажет. 3. Қалақшаны лакқа малып алады. Құты мойнына тигізбей қалақшаны одан шығарып алу керек, лактың артығын құтының мойнына жақпау керек. 4. Қалақшаның көмегімен зақымданған тырнақтың бүкіл беткейіне лакты біркелкі қабатпен жағу керек. Жоғарыда сипатталған емшараны әр зақымданған тырнаққа қайталау керек. 5. Пайдаланғаннан кейін құтыны бірден мықтап жабу керек. 6. Лакқа кебу үшін шамамен 3 минут беру керек. 7. Қалақшаны пайдаланылған тампонмен сүрту керек. Өңделген тырнақ пен тампонның жанасуын болдырмаған жөн. Пайдаланылған тампонды тастау керек. Жекелеген жағдайларда аптасына 2 рет қолдануға болады. Тырнаққа арналған декоративті лакты жағу Офломил тырнаққа арналған лагын қолданғаннан кейін 10 минуттан соң ғана қолдануға болады. Офломил тырнаққа арналған лагын қайта қолданған кезде тырнақта қалған декоративті лакты мұқият кетіру қажет, сосын қоса берілген егеуіштердің көмегімен тырнақтың зақымданған бөлігін өңдейді және лактың қалған қабатын спиртті тампонмен кетіреді. Емшара аяқталғанда қолды мұқият жуыңыз. Егер лак қолдың тырнағына жағылған жағдайда, бірінші оның толық кебуін күтіңіз. Лак кепкеннен кейін сабынды пайдалана отырып қол мен аяқты үнемі жууға рұқсат етіледі. Емді тырнақ регенерациясына және зақымданған бөлігі толық жазылғанға дейін үздіксіз жалғастыру керек. Емнің орташа ұзақтығы қол тырнақтары үшін 6 айды және аяқ тырнақтары үшін 9-12 айды құрайды. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Егер препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар Жиілігі белгісіз аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакциялар) Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар Сирек (≥ 1/10 000,< 1/1 000) тырнақтың зақымдануы, түсінің өзгеруі, тырнақ пластинасының сынғыштығы мен нәзіктігі жоғарылауы (онихорексис, онихоклазия) Өте сирек (< 1/10000) теріні күйдіру сезімі Жиілігі белгісіз эритема, қышыну, жанаспалы дерматит, есекжем, күлдіреуіктер Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.