+254 бонус

МУКОНЕКС-С 600 мг №20 таб шип

5080 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Муколитики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Abdi Ibrahim Global Pharm LLP
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: ацетилцистеин, 600 мг, аскорбин қышқылы, 200 мг қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, натрий цитраты дигидраты, сусыз лактоза, маннитол, сукралоза, лимон хош иістендіргіші, полиэтиленгликоль 8000 (микрондалған), магний стеараты.
Қолданылуы
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және (көмекші терапия ретінде) муковисцидоз сияқты жөтелгенде шығуы қиын қою бөлінділердің пайда болуына әкелетін тыныс жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық -тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)- лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар - 12 жасқа дейінгі балалар, муковисцидозы бар балалар – 6 жасқа дейін - белсенді пептикалық ойықжара
Дозасы
Жедел аурулар кезіндегі стандартты доза. 12 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 1 рет 1 таблеткадан. Муковисцидоз: жоғарыда айтылғандай, 6 жастан асқан балалар үшін күніне 1 рет 1 таблеткадан. Енгізу әдісі мен жолы МУКОНЕКС-C тамақтан кейін қабылданады, алдын ала бір стақан суда ерітіледі. МУКОНЕКС-C препаратының қақырық түсіретін әсері сұйықтықты қабылдаған кезде артады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін. Дозалаудың ерекше сызбалары Ұзақ мерзімді емдеу: күніне 600 мг, емдеудің ең жоғары ұзақтығы - 3 айдан 6 айға дейін. Егер секрецияның шамадан тыс қалыптасуы және 2 апта емдеуден кейін жалғасатын жөтел болса, басқа ауруларды, мысалы, тыныс алу жолдарының ықтимал қатерлі ауруларын жоққа шығару үшін диагнозды қайта қарау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.