+383 бонус

ИЗО-МИК 12,5 мг/доза 15мл спрей №300 доз Изосорбида динитрат

7660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Өндіруші: Микрохим ТОО
Нұсқаулық
Құрамы
Спрейдің бір дозасында белсенді зат - сулы изосорбид динитраты (100% изосорбид динитратына шаққанда) - 1,25 мг, қосымша заттар: полиэтиленоксид-400; этанол 96 %.
Қолданылуы
Ересектерге тағайындалады: - стенокардия профилактикасында; - жедел стенокардия ұстамаларын емдеу үшін; - жедел миокард инфарктісінде; - жедел сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінде.
Қарсы көрсетілімдер
Препаратты төмендегі жағдайларда қолдануға болмайды: - изосорбид динитратына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - жедел қантамырлық жеткіліксіздік (шок, қантамырлық коллапс); - тиісті шаралар көмегімен сол жақ қарыншаның ақырғы диастолалық қысымын түзету мүмкін болмағанда кардиогендік шок; - гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия; - констриктивті перикардит; - жүрек тампонадасы; - ауыр гипотензия (систолалық АҚ 90 мм с. б. төмен); - ауыр гиповолемия; - фосфодиэстераза тежегіштерімен (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) бірге қолдану; - риоцигуатпен бірге қолдану (риоцигуат еритін гуанилатциклазаны стимуляциялайды); - айқын анемия
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Ауыз қуысына бүрку үшін. Доза пациенттің жеке ерекшеліктеріне қарай үйлестірілуі тиіс. Стенокардия ұстамаларын басу үшін немесе ұстаманы қоздыруы мүмкін дененің немесе эмоциялық жүктеменің алдында ауыз қуысына әр бүркуді 30 секундтық аралықпен препаратты 1-3 рет бүрку керек. Стенокардия ұстамаларын басу үшін бір реттік дозаны (3 ретке дейін бүрку) тек дәрігер ұсынысы бойынша ғана ұлғайтуға болады. Жедел миокард инфарктісінде немесе жедел жүрек жеткіліксіздігінде 1-3 бүркуден бастау керек. 5 минут бойына әсері болмағанда тағы бір бүрку жасауға болады. Егер келесі 10 минут ішінде жақсару бақыланбаса артериялық қысымды мұқият бақылаумен спрейді қайта қолдануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.