+675 бонус

ГЛУТОКСИМ 10 мг/мл 1 мл №5 амп

13500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ЗАО ФАРМА ВАМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат – Глутамил-Цистеинил-Глицин динатрий 10 мг, 30 мг, қосымша заттар: натрий ацетаты, сұйылтылған сірке қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- туберкулез микобактерияларының дәрілік резистенттілігі болған кезде барлық жерге жайылған туберкулездің ауыр кең таралған түрлерін кешенді туберкулезге қарсы емдеу құрамында, туберкулезбен ауыратын науқастарда созылмалы гепатит өршуінің профилактикасы мен туберкулезге қарсы емнен туындаған уытты асқынуларды емдеу үшін - қатерлі ісіктерді кешенді емдеу құрамында, химиялық және сәулелік емнің уытты көріністерін емдеу мен профилактикасы үшін (гемо- және гепатоуытты әсерді төмендетуге ықпал етеді); ісікке қарсы ем жүргізу кезінде сүйек кемігінің қан түзу функцияларын қалпына келтіру үшін, аурудың спецификалық емес синдромдарын жою немесе азайту - (анемия, шаршау, тәбеттің төмендеуі, ауыру сезімталдығының жоғарылауы), сондай-ақ радиациялық және химиялық факторлармен астасқан қайталама иммун тапшылығы жағдайлары кезінде - торакальді және абдоминальді хирургияда операциядан кейінгі іріңді асқынулардың профилактикасы үшін - псориаздың, оның ішінде псориаздың орташа және ауыр түрлерінің кешенді емі құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
Дозасы
Глутоксим аурудың сипатына байланысты күн сайын 5-40 мг (1 курсқа – 50-300 мг) тағайындайды. Туберкулезді кешенді емдеу құрамында 2 ай бойы күнделікті 60 мг (күніне 2 рет 30 мг) тәуліктік дозада қолданады. Спецификалық қабынудың өнімді фазаға өтуінен кейін Глутоксим бұлшықет ішіне күніне 1-2 рет таңертең және кешке аптасына 3 рет 10-20 мг тәуліктік дозада тағайындалады. Онкологиядағы химиялық емде қатар жүретін дәрі ретінде 60 мг Глутоксим ісікке қарсы дәрілерді қолданудан 1,5-2 сағат бұрын тері астына енгізіледі. Одан әрі, химиотерапия курстары арасында Глутоксим, 60 мг, тері астына, күнара енгізіледі. Химиотерапияның келесі курсында препаратты қолдану сызбасы қайталанады. Сәулелік емде қатар жүретін дәрі ретінде Глутоксим, 60 мг, сәулелік емнің барлық курсы бойына күнара кезекті сәулелендіру сеансынан кейін 0,5-1 сағаттан кейін тері астына енгізіледі. Қажет болғанда 1-6 айдан кейін қайта емдеу курсын жүргізу керек. Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың профилактикасы үшін торакальді және абдоминальді хирургияда 10-30 мг вена ішіне немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 1 рет, 3 апта бойы қолданылады. Псориаздың кешенді емі құрамында Глутоксимді 15 күн бойы күнделікті 10 мг дозада, содан кейін аптасына 2 рет тағы 10 инъекция бұлшықет ішіне енгізіледі. Псориаздың асқынбаған түрінде 10 күн бойы 10 мг тәуліктік дозада бұлшықет ішіне. Енгізу әдісі мен жолы Глутоксим препаратын вена ішіне, бұлшықет ішіне, тері астына енгізеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.